Сессия торағасы | М. Ибатов |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | С. Өтешов |
Қарағанды облыстық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы Қарағанды облыстық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы XIV сессиясының № 298 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 сәуірде № 4698 болып тіркелді.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы ", Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы " Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Жарлығына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы №13 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16299 болып тіркелді) сәйкес, Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Қарағанды облыстық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.
2. Қарағанды облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы VIII cессиясының № 169 "Қарағанды облыстық мәслихат аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4209 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiнде электрондық түрде 2017 жылғы 21 сәуірде, "Орталық Қазақстан" газетінің 2017 жылғы 13 сәуірдегі № 40 (22347), "Индустриальная Караганда" газетінің 2017 жылғы 13 сәуірдегі № 40 (22153) сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облыстық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 298 шешіміне қосымша |
"Қарағанды облыстық мәслихатының аппараты" ММ "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі
Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облыстық мәслихатының 18.04.2023 № 37 шешімімен (29.09.2022 жылғы редакцияны қараңыз).(оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 33-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне (№ 16299 болып тіркелді, бұдан әрі үлгілік Әдістеме) сәйкес әзірленген және "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың тәртібін айқындайды.
2. Осы Әдістемеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) жоғары тұрған басшы – бағаланатын қызметшінің тікелей басшысы оған тікелей бағынысты болатын адам;
2) тікелей басшы – мемлекеттік лауазымы бойынша жоғары тұрған, мемлекеттік қызметші өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес оған тікелей бағынысты болатын адам;
3) бағалаушы адам – мемлекеттік орган қызметінің ерекшелігіне байланысты тікелей басшы және/немесе жоғары тұрған басшы, сондай-ақ 360 әдісімен бағалау кезінде бағаланатын адамның жұмыс ортасындағы адамдар тобы;
4) құрылымдық бөлімшенің/мемлекеттік органның басшысы – D-1, D-3 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) санаттарының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі;
5) "Б" корпусының қызметшісі – құрылымдық бөлімшенің/мемлекеттік органның басшысын қоспағанда, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметін атқаратын адам;
6) бағаланатын адам – құрылымдық бөлімшенің/мемлекеттік органның басшысы немесе "Б" корпусының қызметшісі;
7) нысаналы мақсатты индикаторлар (бұдан әрі – НМИ) – құрылымдық бөлімшенің/мемлекеттік органның басшысы үшін белгіленетін және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, оның ішінде ұлттық жобаларға, немесе мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған көрсеткіштер;
8) саралау әдісі – "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау олардың функционалдық міндеттерді орындау сапасы, міндеттерді орындау мерзімдерін сақтау, бастамашылдық және дербестік, еңбек тәртібін сақтау, атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделігі – бағалау параметрлеріне сәйкестік дәрежесін ескере отырып анықталатын бағалау әдісі;
9) 360 әдісі – бағаланатын адамның жұмыс ортасынан адамдар тобын сұрау арқылы бағаланатын адамда талап етілетін құзыреттердің болуын анықтауға бағытталған бағалау әдісі;
Полная версия