Близость слов: Окончание:





Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 3 қаулысы және Қостанай облысы мәслихатының 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 3792 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 13 қаңтарда № 3792 тіркелді
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 10-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қосымшаға сәйкес жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары белгіленсін.
2. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкімдік пен мәслихаттың
 2011 жылғы 8 желтоқсандағы
 № 3 қаулысы мен № 452
 шешіміне қосымша
Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде
 олар үшін төлемақының базалық ставкалары
#$Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2014 № 4 қаулысымен және Қостанай облысы мәслихатының 14.03.2014 № 260 шешімімен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Елді мекендер 1 шаршы метр үшін төлемақының
теңгемен базалық ставкасы
Қостанай қаласы
(облыс орталығы)
1357

Облыс орталығы ставкасынан
пайыздық көрсеткіште
төлемақының базалық ставкасы
Облыстық маңызы бар қалалар 85
Аудандық маңызы бар қалалар 75
Аймақтарда орналасқан
кенттер және ауылдық
елді мекендер:
Далалық орманды, далалық
және құрғақ далалық жартылай
шөлейт және шөлейт
Кенттер Ауылдық елді
мекендер
25
18
15
10
Ескертпе: қалаларда жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары олардың бас жоспарларында анықталған шекара шегінде қолданылады.
Полная версия
ИС BestProfi