2020 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № 10/47 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 25 ақпанда № 5707 болып тіркелді
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заныңа, 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабының 1) тармақшасына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 6) тармақшасына, "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 бойынша тіркелген) сәйкес, Приозерск қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмағанда, меншік нысанына және ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан, ұйымдарда жұмыс орындарының тізімдік санынан пайызбен көрсеткенде қосымшаға сәйкес мүгедектер үшін 2% - дан бастап 4% - ға дейінгі көлемде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.