Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 3-тармағының 7-2) тармақшасына, 62-бабы 4-тармағының 4-2) және 6-тармағының 6-1) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 25.02.2021
Теміртау қаласы бойынша орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 17/1 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 сәуірде № 5804 болып тіркелді
Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 25.02.2021 № 16/1 қаулысымен (17.04.2020 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін)
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Теміртау қаласы бойынша орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. Теміртау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 15/3 "Теміртау қаласы бойынша орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 5282 болып тіркелді, 2019 жылғы 18 сәуірде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде, 2019 жылғы 20 сәуірде № 15 "Сфера событий" газетінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Теміртау қаласының әкімі | Г. Ашимов |
Теміртау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 17 сәуірі № 17/1 қаулысына қосымша |
Теміртау қаласы бойынша орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Білім алушылар саны | Жылына бастауыш білім беру бойынша бір оқушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге | Жылына негізгі орта білім беру бойынша бір оқушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге | Жылына жалпы орта білім беру бойынша бір оқушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге |
1 | 850 | 186 120 | 240 660 | 280 308 |
Полная версия