"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабының 1) тармақшасына сәйкес, мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 24.12.2020
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 180 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 маусымда № 5082 болып тіркелді
Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімдігінің 24.12.2020 № 452 қаулысымен (15.05.2017 жылғы редакцияны қараңыз). Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1. Қосымшаға сәйкес мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары саны мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары А. Ю. Глазинскийге жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Курчатов қаласының әкімі | А. Оңдақанов |
Курчатов қаласы әкімдігінің 2017 жылғы "15" мамыр № 180 қаулысына қосымша |
Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасы мөлшері
Ұйымдардың тізімдік саны | Квота мөлешері ( %) |
Елу адамнан жүз адамға дейін | 2 |
Жүз бір адамнан екі жүз елу адамға дейін | 3 |
Екі жүз елу бір адамнан жоғары | 4 |
Полная версия