Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.09.2020
Павлодар қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 қазандағы № 428/58 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 қарашада № 4783 болып тіркелді
Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 16.09.2020 № 520/70 шешімімен (22.10.2015 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Осы Шешім күшін жойды 2020 жылғы 5 қазаннан бастап ҚР Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 16.09.2020 жылғы № 520/70 Шешіміне сәйкес  
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 8-бабының 3-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" № 704 Жарлығына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Павлодар қалалық мәслихатының регламенті бекітілсін.
2. Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 сәуірдегі "Павлодар қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы" № 254/34 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3833 болып тіркелген, 2014 жылғы 6 маусымдағы № 21, 2014 жылғы 13 маусымдағы № 22 "Шаһар" газетінде және 2014 жылғы 2 маусымдағы № 21, 2014 жылғы 9 маусымдағы № 22, 2014 жылғы 16 маусымдағы № 23 "Версия" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Павлодар қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы И. Теренченко
Қалалық мәслихаттың хатшысы М. Желнов
  Павлодар қалалық
мәслихатының
2015 жылғы 22 қазандағы
№ 428/58 шешімімен
бекітілді
Павлодар қалалық мәслихатының регламенті
1. Павлодар қалалық мәслихатының осы регламенті (бұдан әрі – регламент) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабына сәйкес әзірленді және Павлодар қалалық мәслихат (бұдан әрі – мәслихат) сессияларын, оның органдарының отырыстарын өткізу, оларға мәселелер енгiзу және қарау, мәслихат органдарын құру және сайлау, олардың қызметi туралы есептердi, халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы және оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есептерді тыңдау, депутаттардың сауалдарын қарау тәртiбiн, мәслихаттағы депутаттық бiрлестiктердiң өкiлеттiктерiн, қызметiн ұйымдастыруды, сондай-ақ дауыс беру, аппарат жұмысының тәртiбiн және басқа да рәсiмдiк және ұйымдастырушылық мәселелерін белгілейді.
2. Мәслихат (жергілікті өкілді орган) – Павлодар қаласының халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган. Мәслихат заңды тұлға құқығын иеленбейді.
3. Мәслихаттың қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
2. Мәслихат сессияларын өткізу тәртібі
4. Мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады, онда Қазақстан Республикасының заңдары бойынша оның құзыретіне жатқызылған мәселелер шешіледі.
Егер мәслихаттың сессиясына мәслихат депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, ол заңды. Отырыстың заңдылығын анықтау үшін сессия басталар алдында және әрбір үзілістен кейін мәслихат аппаратымен депутаттарды тіркеу жүргізіледі. Сессия жалпы отырыс нысанында өткізіледі.
Мәслихаттың шешімі бойынша сессия жұмысында мәслихат белгілеген мерзімге, бірақ күнтізбелік он бес күннен аспайтын үзіліс жариялануы мүмкін. Сессияның ұзақтығын мәслихат айқындайды.
Мәслихаттың әрбір отырысының алдында қатысып отырған депутаттарды тіркеу жүргізіледі, оның нәтижесін сессияның төрағасы отырыс басталардан бұрын жария етеді.
Мәслихаттың сессиясы, әдетте, ашық сипатта болады. Егер бұған қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, жабық сессияларды өткізуге мәслихат сессиясы төрағасының немесе мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар санының үштен бір бөлігінің ұсынысы бойынша жол беріледі.
Полная версия
ИС BestProfi