Атырау облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелерін көтеру туралы
Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 251-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 15 қазанда № 4261 болып тіркелді
Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Атырау облыстық мәслихатының 20.06.2022 № 160-VII (26.09.2018 жылғы редакцияны қараңыз) шешімімен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 576-бабының 8-тармағына сәйкес Атырау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Кіріспе жаңа редакцияда - Атырау облыстық мәслихатының 20.06.2022 № 160-VII (26.09.2018 жылғы редакцияны қараңыз) шешімімен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Атырау облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес көтерілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облыстық мәслихатының 20.06.2022 № 160-VII (26.09.2018 жылғы редакцияны қараңыз) шешімімен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихатының экология, табиғат пайдалану және аграрлық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Е. Ихсанов) жүктелсін.
3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атырау облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін көтерілген төлемақы мөлшерлемелері
Қосымша жаңа редакцияда - Атырау облыстық мәслихатының 20.06.2022 № 160-VII (26.09.2018 жылғы редакцияны қараңыз) шешімімен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда көмгені үшін:
1.1.
Осы кестенің 1.2-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілетін қалдықтар
1.1.1.
қауіпті қалдықтар
8,01
1.1.2.
қауіпсіз қалдықтар
1,06
1.2.
Төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілмейтін қалдықтардың жекелеген түрлері:
1.2.1.
Коммуналдық қалдықтар (қатты тұрмыстық қалдықтар, кәріздік тазарту құрылыстарының тұнбасы)
0,38
1.2.2.
Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа):
1.2.2.1.
аршынды жыныстар
0,004
1.2.2.2.
жанасқан таужыныстары
0,026
1.2.2.3.
байыту қалдықтары
0,02
1.2.2.4.
шлактар, шламдар
0,038
1.2.3.
Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзілетін шлактар, шламдар
0,038
1.2.4.
Күл мен күлшлактар
0,66
1.2.5.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы
5. Көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде түзілетін күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру үшін төлемақы мөлшерлемелері бір тонна үшін 7,54 АЕК құрайды.