Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 17.06.2020
Мәдениет саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 қарашадағы № 465 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 қарашада № 6489 болып тіркелді
Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 17.06.2020 № 250 қаулысымен (25.11.2019 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 "Мәдениет саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттарын бекіту туралы" Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11238 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті;
2) "Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті;
3) "Көркем өнерпаздық ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын беруге өтінімдерді қабылдау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті бекітілсін.
1) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 154 "Мәдениет саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4365 тіркелген, 2015 жылғы 25 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қазандағы № 375 "Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 154 "Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5691 тіркелген, 2017 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. "Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы "25" қарашадағы № 465 қаулысымен бекітілген
"Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру "Электрондық үкiметтің" www.elicense.kz, www.egov.kz веб-порталдары (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Полная версия
ИС BestProfi