Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 22.08.2024
Кәбілдік кәрізді және инженерлік инфрақұрылымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 108-958 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2016 жылы 17 маусымда № 1035 болып тіркелді
Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 22.08.2024 № 504-2724 қаулысымен (13.05.2016 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 9-бабының 36) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Кәбілдік кәрізді және инженерлік инфрақұрылымды пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. «Астана қаласының Жолаушылар көлігі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы әкімдігінің
 2016 жылғы 13 мамырдағы
 № 108-958 қаулысымен
 бекітілген
Кәбілдік кәрізді және инженерлік инфрақұрылымды пайдалану
 қағидалары
1. Кәбілдік кәрізді және инженерлік инфрақұрылымды пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген.
2. Қағида Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кәбілдік кәрізді пайдалануға беру қызметтерін көрсететін, Астана қаласындағы шаруашылық етуші субъектілерге (жеке және/немесе заңды тұлғаларға) әрекет етеді.
3. Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
1) жалға алушы – кәбілдік кәрізді пайдалануға беру бойынша қызмет көрсету шарт талаптарына сәйкес кәбілдік кәрізді жалға берушіден алатын мемлекеттік орган (мекеме), жеке немесе заңды тұлға, жеке кәсіпкер;
2) кәбілдік кәріз (телефондық) – байланыс кәбілдерін төсеуге және техникалық қызмет көрсетуге арналған жерасты құбырлары мен құдықтардың жиынтығы;
3) кәбілдік кәрізді жалға беруші – шарт талаптары бойынша жалға алушыларға кәбілдік кәріздегі арнада байланыс кәбілдерін жүргізу үшін орын беретін кәбілдік кәріз желілерін пайдалану және дамыту саласындағы функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті орган немесе пайдаланушы ұйым;
4) уәкілетті орган – Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлігін басқару бойынша мемлекеттік орган.
4. Кәбілдік кәрізді пайдалануға беру бойынша қызметтер жалға беру туралы шарттың (бұдан әрі – шарт) негізінде көрсетіледі.
2. Кәбілдік кәрізді пайдалануға беру бойынша қызметтерді
 көрсету
5. Кәбілдік кәрізді пайдалануға беру бойынша қызметтер мыналарды қамтитын ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар:
Полная версия
ИС BestProfi