Близость слов: Окончание:





Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 29-7 "Батыс Қазақстан облысы бойынша 2016 жылы субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар залалды маршруттар тізбелерін бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 маусымдағы № 4-13 шешімі
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған. 
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 
1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы "Батыс Қазақстан облысы бойынша 2016 жылы субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар залалды маршруттар тізбелерін бекіту туралы" (2016 жылғы 12 қаңтардағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4220 нөмірмен Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде тіркелген, "Орал өңірі" газетінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 7 жарияланған) № 29-7 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппаратының басшысы С. Сұлтановқа жүктелсін.
Сессия төрағасы С. Сүлеймен
Облыстық мәслихат хатшысы М. Құлшар
Полная версия
ИС BestProfi