Близость слов: Окончание:





Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш қаласының, Сарыағаш ауданының Дарбаза және Тегісшіл ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту туралы
Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 24 қыркүйектегі N 10/121-IV шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 2 қазандағы N 319 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2008 жылғы 3 қарашада N 1997 тіркелді
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Заңының 11-бабына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш аудандық мәслихаты мен әкімдігінің бірлескен ұсынысын ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты  ШЕШТІ  және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТТІ : 
1.Сарыағаш қаласының әкімшілік шекарасына Дарбаза ауылдық округінің жалпы көлемі 265,0 гектар, Тегісшіл ауылдық округінің жалпы көлемі 200,0 гектар және бұрынғы Қабланбек оқу-тәжірибе шаруашылығының жалпы көлемі 496,0 гектар, барлығы 961,0 гектар жер бөлігінің қосылуымен Сарыағаш қаласының, Сарыағаш ауданының Дарбаза және Тегісшіл ауыл округтерінің шекаралары өзгертілсін. 
2.Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi