Близость слов: Окончание:





2019 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы
Қарағанды облысының әкімдігінің 2019 жылғы 28 ақпандағы № 13/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 5 наурызда № 5215 болып тіркелді.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 4 қазандағы № 408 "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17583 болып тіркелген) Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2019 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 10/02 "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4671 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 40 (22299) "Индустриальная Караганда", 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 40 (22492) "Орталық Қазақстан" газеттерінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 3 сәуірде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
5. "2019 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" қаулысы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
Қарағанды облысы әкімдігінің
2019 жылғы 28 ақпандағы
№ 13/01 қаулысына қосымша
2019 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 27.12.2019 № 75/01 (28.02.2019 жылғы редакцияны қараңыз) қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі)
 
№ реттік саны Тауарлық балық өнімдерінің түрлері 2019 жылға өнім өндірісінің жоспарланған көлемі, килограмм Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерінің 1 килограмм өндірісіне азық шығындарына берілетін субсидиялардың бекітілген нормативі, килограмм Бекітілген норматив бойынша жалпы азық шығыны, килограмм (3 бағана х 4 бағана) 1 килограмм өнімге шығындар есебінен балықтар азығына берілетін субсидиялардың бекітілген шекті сомасы, теңге Азық сатып алуға жұмсалатын барлық шығын, теңге (5-баған х 6-баған) Акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өзіндік құнын арзандату үшін жоспарланған субсидиялардың көлемі, теңге (азық сатып алуға жұмсалатын барлық шығынның 30%)
1 2 3 4 5 6 7 8
1 Албырт және оның буданы
1,2
270

2 Бекіре және оның буданы
1,5
285

3 Тұқы және оның буданы 90 000 4 360 000 105 37 800 000 11 340 000

БАРЛЫҒЫ




11 340 000
Полная версия
ИС BestProfi