Близость слов: Окончание:





Шымкент қаласының жеке құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын өзгерту туралы
Бірлескен Шымкент қалалық мәслихатының 2008 жылғы 14 сәуірдегі N 9/83-4с шешімі және Шымкент қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 151 қаулысы. Шымкент қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 29 сәуірде N 14-1-72 тіркелді
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13-бабы 4 тармағына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ  және Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ : 
1. Сайрам ауданынан Шымкент қаласы Еңбекші ауданының аумағына енген мекенжай аумағы Шаңырақ шағын ауданы деп аталсын. 
2. Абай ауданы Самал-2 шағын ауданының Бекмұрат батыр және Д.Төлепбергенов көшелері аралығында орналасқан атауы жоқ көшесіне Манат қыздың; 
Әл-Фараби ауданының атауы жоқ көшесіне Әлей Түзелбаевтың есімдері; 
Әл-Фараби ауданы Самал-1 шағын ауданының атауы жоқ көшесіне Қайырымды; 
Әл-Фараби ауданы Самал-1 шағын ауданының атауы жоқ көшесіне Қанағат; 
Әл-Фараби ауданы Самал-1 шағын ауданының атауы жоқ көшесіне Үміт; 
Әл-Фараби ауданы Самал-1 шағын ауданының атауы жоқ көшесіне Сымбатты; 
Әл-Фараби ауданы Самал-1 шағын ауданының атауы жоқ көшесіне Салтанатты; 
Әл-Фараби ауданы Самал-1 шағын ауданының атауы жоқ көшесіне Мирас деген атаулар берілсін. 
3.Әл-Фараби ауданының Греков көшесіне Ғали Ормановтың; 
Әл-Фараби ауданының Макаров көшесіне Сман Әзімнің есімдері берілсін. 
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы
Полная версия
ИС BestProfi