Қала әкімі | І. Испанов |
2019 жылға арналған Ақтөбе қаласы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 7296 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Ақтөбе қаласы "Астана" ауданының Әділет басқармасында 2018 жылғы 21 желтоқсанда № 3-1-224 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2019 жылға Ақтөбе қаласы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымның жұмыскерлерінің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:
1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулыны Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р. Айдашеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия