Близость слов: Окончание:





Атырау облысы әкімиятының 2002 жылғы 3 жылтоқсандағы N 294 "Атырау облысында кедейлікті төмендету жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарлама туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Атырау облыстық Мәслихатының ІІІ сессиясының 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N№38-ІІІ шешiмi. Атырау облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 16 қаңтарда N 1746 тіркелді
"Атырау облысында кедейлікті төмендету жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарлама туралы" облыс әкімиятының 2002 жылғы 3 желтоқсандағы N 294 қаулысына енгізілген өзгерістерді талқылап, Атырау облыстық мәслихаты ІІІ сессиясында шешім етті:
1. Атырау облысы әкімиятының 2002 жылғы 3 желтоқсандағы N 294 "Атырау облысында кедейлікті төмендету жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарлама туралы" қаулысына облыстық әкімияттың 2003 жылғы 10 шілдедегі N 155 қаулысымен енгізілген өзгерістер бекітілсін (жалғанды).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік қорғау, денсаулық, білім, мәдениет және жастар істері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ж.Өмірбекова) тапсырылсын.
Атырау облыстық әкімиятының
 2003 жылғы 10 шілдедегі N 155
 қаулысымен бекітілген
 Атырау облысы әкімиятының 2002 жылғы 3 желтоқсандағы  
  N 294 "Атырау облысында кедейлікті төмендету жөніндегі  
  2003-2005 жылдарға арналған бағдарлама туралы" қаулысына  
  өзгерістер енгізу туралы 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 наурыздағы N 296 "Қазақстан Республикасында кедейлікті азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27 бабы  1 тармағының 16 тармақшасына сәйкес облыстық әкімият қаулы етеді:
1. Атырау облысы әкімиятының 2002 жылғы 3 желтоқсандағы N 294 "Атырау облысында кедейлікті төмендету жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарлама туралы" қаулысына төмендегідей өзгерістер енгізілсін: 
4.3 "Бағдарламаны іске асыру индикаторлары" ішкі бөлімі жаңа редакцияда мазмұндалсын; 
5. "Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетіктері" бөлімі: 
5.1.1. "Мақсатты топтарда кедейлік көлемін азайту жөніндегі шаралар" ішкі бөлімінің: 
"Мүгедектер" бөлімдегі екінші абзац келесі редакцияда мазмұндалсын: 
"Мүгедектерді оңалтудың техникалық құралдармен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау".
2. Осы қаулы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының бекітілуіне ұсынылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.И.Байғожинге жүктелсін.
Облыс әкімиятының 2003 жылғы
 10 шілдедегі N 155
 қаулысына қосымша
4.3 Бағдарламаны іске асыру индикаторлары 
Көрсеткіштер Өлшем бірліктері 2002 жыл Болжам, жылдар
баға 2003 2004 2005
Экономикалық көрсеткіштер
1 Жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім мың теңге 680,0 718,0 756,0 797,0
2 Кедейлік шегінен төмен тұратын халықтың үлес саны мың адам 67,0 53,6 42,9 34,3
3 Экономикалық белсенді халықтың арасындағы жұмыссыздар үлес саны % 12,3 11,7 11,4 11,1
4 Тіркелген жұмыссыздардың кәсіби қайта оқытылғандары адам 1585 1600 1700 1800
5 Қоғамдық жұмыспен қамтылғандар саны адам 6226 6500 7000 7500
Әлеуметтік индикаторлар
6 Жалпы білім беру мектептері оқушыларының жалпы санының 3-ші ауысымда оқитын оқушылар үлес саны % 1,1 1,0 0,9 0,8
Полная версия
ИС BestProfi