Екібастұз қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептеріне тасымалдау схемалары мен тәртібін бекіту туралы
Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 548/6 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 маусымда № 4534 болып тіркелді.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар: 1 -9 - қосымшаларға сәйкес Екібастұз қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептеріне тасымалдау схемалары; 10-қосымшаға сәйкес Екібастұз қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептеріне тасымалдау тәртібі бекітілсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.