Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 "Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекiту туралы" қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 8-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2012 жылға жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуға және өсіруге жұмсалған шығындардың құнын ішінара өтеуге арналған субсидиялар нормаларын белгілеу туралы Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 22 қазандағы № 315 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 2 қарашада № 2642 тіркелді
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2012 жылға жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуға және өсіруге жұмсалған шығындарының құнын ішінара өтеуге арналған субсидиялар нормалары белгіленсін.
2. "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И. Дүйсембаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Ізмұхамбетов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрі | А. Мамытбеков |
2012 жылғы 22 қазан |
Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 22 қазандағы № 315 қаулысына қосымша |
2012 жылға жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызуға және өсіруге жұмсалған шығындарының құнын ішінара өтеуге субсидиялар нормалары
Жеміс дақылдарының түрі | Отырғызу сызбасы | Отырғызу және өсіру шығындары (1 вегетация), теңге | ||||||||
барлығы | соның ішінде сатып алуға: | |||||||||
Көшеттер 1 га | субсидиялар нормасы, (40 %) | Тіреу іш бағандар | субсидиялар нормасы, (40 %) | Тамшылатып суару жүйесі | субсидиялар нормасы, (40 %) | Басқалай шығындар | субсидиялар нормасы, (40 %) | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Алма ағашы | 8х6 | 1 202 440 | 208 000 | 83 200 | - | - | 310 800 | 124 320 | 683 640 | 273 456 |
Алма ағашы | 8х5 | 1 248 080 | 250 000 | 100 000 | - | - | 310 800 | 124 320 | 687 280 | 274 912 |
Алма ағашы | 8х4 | 1 316 489 | 313 000 | 125 200 | - | - | 310 800 | 124 320 | 692 689 | 277 076 |
Алма ағашы | 5х3 | 1 763 173 | 667 000 | 266 800 | - | - | 370 000 | 148 000 | 726 173 | 290 469 |
Республикалық/жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен 2009-2011 жылдары дәстүрлі технология бойынша басқа да сызбаларға сәйкес отырығызылған бақтар үшін | - | - | - | - | - | - | - | - | - | - |
кестенің жалғасы
Жеміс дақыл-дарының түрі | 2 вегетация, теңге | 3 вегетация, теңге | 4 вегетация, теңге | |||
барлық шығындар | Субсидиялар нормасы, (40%) | барлық шығындар | Субсидиялар нормасы, (40%) | барлық шығындар | Субсидиялар нормасы, (40%) | |
1 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
Алма ағашы | 47 202 | 18 881 | 42 443 | 16 977 | 0 | 0 |
Алма ағашы | 47 639 | 19 056 | 43 012 | 17 205 | 0 | 0 |
Алма ағашы | 48 286 | 19 314 | 43 850 | 17 540 | 0 | 0 |
Алма ағашы | 52 156 | 20 862 | 48 642 | 19 457 | 0 | 0 |
Республикалық/жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен 2009-2011 жылдары дәстүрлі технология бойынша басқа да сызбаларға сәйкес отырығызылған бақтар үшін | - | - | 72 735 | 29 094 | 214 743 | 85 897 |
Полная версия