Близость слов: Окончание:





Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы Карбышев көшесіндегі № 40 тұрғын үй ауданында орналасқан жер учаскесі тұстамасындағы Комендантка ағысының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 125 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 29 сәуірде № 5892 болып тіркелді
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы Карбышев көшесіндегі № 40 тұрғын үй ауданында орналасқан (кадастрлық нөмірі 05-085-048-793) жер учаскесі тұстамасындағы Комендантка ағысының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы Карбышев көшесіндегі № 40 тұрғын үй ауданында орналасқан (кадастрлық нөмірі 05-085-048-793) жер учаскесі тұстамасындағы Комендантка ағысының су қорғау аймағы аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеуі аумағында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленсін.
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Өскемен қаласының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.
3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Шығыс Қазақстан облысының
әкімі Д. Ахметов
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясының басшысы
______________ Қ. Баймағамбетов
 
Шығыс
Қазақстан облысы әкімдігінің
2019 жылғы "24" сәуірдегі
№ 125 қаулысына қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы Карбышев көшесіндегі № 40 тұрғын үй ауданында орналасқан (кадастрлық нөмірі 05-085-048-793) жер учаскесі тұстамасындағы Комендантка ағысының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
Су объектісі, оның учаскесі Су қорғау аймағы Су қорғау белдеуі
Ұзындығы, км Ауданы, га Ені, м Ұзындығы, км Ауданы, га Ені, м
1 2 3 4 5 6 7
Комендантка ағыны, оң жағалау, Өскемен қаласы Карбышев көшесіндегі № 40 тұрғын үй ауданында орналасқан (кадастрлық нөмірі 05-085-048-793) жер учаскесі тұстамасы 0,075 2,5948 327-378 - - -
Су қорғау аймағының шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген. Қарастырылып отырған учаскедегі Комендантка ағысының су қорғау белдеуінің ені 2007 жылғы 3 шілдедегі № 163 "Өскемен қаласындағы Ертіс өзені мен Үлбі өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі қаулысымен белгіленген және Комендантка ағысы орташа көпжылдық деңгейі су кемерінен бастап 39-56 м құрайды.
Полная версия
ИС BestProfi