Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.08.2021
Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2017 жылғы 30 қарашадағы № 170 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 21 желтоқсанда № 7409 болып тіркелді
Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 13.08.2021 № 57 шешімімен (30.11.2017 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 19-1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Кезектен тыс сессияның төрағасы А. Демисенов
Қалалық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы И. Неявко
 
Мәслихаттың
2017 жылғы 30 қарашадағы
№ 170 шешімімен
бекітілген
Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
1. Осы сот шешімімен қоммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен қоммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – иесіз қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.
2. Иесіз қалдықтарды қоммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
3. Иесіз қалдықтарды басқаруды Лисаков қаласының әкімдігімен (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) жүзеге асырылады.
4. Иесіз қалдықтарды басқару мақсатында жергілікті атқарушы органымен комиссия құрылады (бұдан әрі – Комиссия).
Иесіз қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде "Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық шаруашылық саласында қызметті жүзеге асыруға уәкілеттілік берген және тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемесі болып белгіленеді.
5. Иесіз қалдықтарды басқару – бұл иесіз қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.
2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі
6. Иесіз қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрi пайдалану "Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбір мәселелері" 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Талап етілмеген иесіз қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмысты ұйымдастыруды жергілікті атқарушы органымен Коммиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
8. Иесіз қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
9. Иесіз қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан, жойылғаннан кейін иесіз қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
10. Иесіз қалдықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.
Полная версия
ИС BestProfi