«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 15.06.2022
Астана қаласының кейбір мемлекеттік мекемелері туралы ережелерді бекіту туралы Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 06-2036 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылғы 8 қаңтарда № 871 болып тіркелді
Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 15.06.2022 № 1-1792 қаулысымен (02.12.2014 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1. Мыналар:
1) «Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізіп, ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурстарда, Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурстарында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Әкім Ә. Жақсыбеков
Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 06-2036 қаулысына 1-қосымша
«Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже 1. Жалпы ережелер
1. «Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Аппарат) Астана қаласы «Алматы» ауданының аумағында мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Аппараттың ведомствалық ұйымдары жоқ.
3. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Аппарат ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Аппарат егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Аппарат өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің (бұдан әрі – аудан әкімі) өкімі және шешімі түрінде ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Аппарат құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Полная версия