Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 28.04.2022
Саран қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы
Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 тамыздағы № 435 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 22 тамызда № 5438 болып тіркелді
Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 28.04.2022 № 121 шешімімен (15.08.2019 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексіне) және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, Саран қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Сессия төрағасы Н. Тәжібаева
Мәслихат хатшысы Ө. Баймағанбетов
Полная версия
ИС BestProfi