Близость слов: Окончание:





Павлодар облысы Павлодар ауданы ауылдарының атауларын өзгерту туралы
Павлодар облыстық мәслихатының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 90/9 шешімі. Павлодар облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 19 қаңтарда N 2876 тіркелді
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"  Заңының  6 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы"  Заңы  11 бабының 4) тармақшасына, Павлодар ауданы мәслихаты мен әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 16 қаңтардағы "Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округi Кеңес ауылының қайта атауы туралы" N 4-16 және "Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округi Григорьевка ауылының қайта атауы туралы" N 4-16 бiрлескен қаулыларына, облыс әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 1 желтоқсандағы "Павлодар ауданы ауылдарының атауларын өзгерту туралы" N 294/10 қаулысына сәйкес облыстық Мәслихат пен облыс әкiмдiгi   ШЕШIМ ЕТЕДI:  
1. Павлодар облысы Павлодар ауданының  әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округiнiң Григорьевка ауылы Павлодар ауданы Григорьевка селолық округiнiң "Жаңа қала" ауылы болып; 
Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округiнiң Кеңес ауылы Павлодар ауданы Кеңес селолық округiнiң "Әйтiм ауылы" болып өзгерiлсiн. 
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық Мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қорғау және ақпараттық саясат жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
Облыстық мәслихаттың хатшысы Р. Гафуров
Полная версия
ИС BestProfi