Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.07.2023
Түркістан облысының жасыл екпелерді күтіп ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын, қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы
Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 42/436-VI шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 қазанда № 5202 болып тіркелді
Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 10.07.2023 № 4/49-VIII шешімімен (13.09.2019 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына сәйкес Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1) Түркістан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидалары;
2) Түркістан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың Қағидалары бекітілсін.
2. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 14/136-V "Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 12/106-V "Оңтүстік Қазақтан облысының елді мекендерінің шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді егу, күтіп-ұстау және қорғау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2345 тіркелген, 2013 жылғы 3 тамызда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) және 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 18/212-IV "Оңтүстік Қазақстан облысының қалалары және елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4354 тіркелген, 2018 жылғы 8 қаңтарда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Түркістан облыстық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы Л. Тәшімов
Облыстық мәслихат хатшысы Қ. Балабиев
 
Түркістан облыстық
мәслихатының
2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 42/436-VI
шешімімен бекітілді
Түркістан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың
Қағидалары
1. Осы Түркістан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидалары (бұдан әрі - Қағида ) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" (бұдан әрі - Заң), 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың, қалалар және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгі қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
Қағида бұрыннан бар жеке тұрғын үй, азаматтардың саяжай учаскелеріне және мемлекеттік орман қоры учаскелеріне және республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қолданылмайды.
2. Қағида Түркістан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау саласындағы тәртіпті айқындайды және қатынастарды реттейді.
3. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) абаттандыру - сол немесе өзге аумақты құрылыс және мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру, халықтың дені сау, жайлы және мәдениетті өмір сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың (аумақтарды инженерлік дайындау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдарды салу, коммуникациялық желілерді және сумен жабдықтау, кәріз, энергиямен жабдықтау құрылыстарын, жабындар құрылғыларын дамыту, монументті өнердің шағын сәулеттік нысандары мен объектілерін орналастыру, көгалдандыруды жобалау, шу деңгейін азайту, микроклиматты жақсарту, ауа бассейнін, ашық су айдындары мен топырақты ластанудан қорғау бойынша) және көрсетілетін қызмет (аумақтарды құрғатуға және көгалдандыруға тазалау, жинау, санитариялық тазалау бойынша) жиынтығы;
2) ағаштарды кесу - "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Рұқсаттар туралы Заң ) 2-қосымшасының 159-тармағына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылатын ағаштарды кесу (қайта отырғызу) бойынша жұмыс;
Полная версия
ИС BestProfi