Близость слов: Окончание:





Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 9 және Қостанай облысы мәслихатының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 99 бірлескен қаулысы мен шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 18 қаңтарда № 6804 болып тіркелді
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес және аудандық өкілді және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тұрғындарының саны 50 адамнан кем Меңдіқара ауданы Каменскорал ауылдық округінің Жусалы ауылы таратылсын.
2. Таратылған Меңдіқара ауданы Каменскорал ауылдық округінің Жусалы ауылы Меңдіқара ауданы Каменскорал ауылдық округінің Каменскуральское ауылының құрамына енгізілсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай
облысының әкімі
А. Мұхамбетов
Қостанай
облыстық мәслихаты
сессиясының төрайымы
Г. Капенова
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы
С. Ещанов
Полная версия
ИС BestProfi