"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37 бабының 2 тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 бабына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қапшағай қаласы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 05-13 шешімі
1. Қапшағай қаласы әкімінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы "Қапшағай қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учасілерін құру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде 2015 жылдың 30 қаңтарда № 3012 тіркелген, "Нұрлы өлке" газетінде 2015 жылдың 03 ақпандағы № 06 (311) жарияланған) № 01-02 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Қапшағай қаласы әкімінің 2015 жылғы 20 наурыздағы "Қапшағай қаласы әкімінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы "Қапшағай қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскілерін құру туралы" № 01-02 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде 2015 жылдың 14 сәуірде № 3133 тіркелген, "Нұрлы өлке" газетінде 2015 жылдың 22 сәуірде № 17 (322) жарияланған) № 03-06 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы міндетін атқарушы Нағима Әлиқызы Арқарбаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қала әкімі | С.Кикимов |
Полная версия