"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Жамбыл облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 04 шілдедегі № 208 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 08 шілдеде № 3124 болып тіркелді
1. Қоса беріліп отырған Жамбыл облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға баспа басылымдарына жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 04 шілдедегі №208 қаулысымен бекітілген |
Жамбыл облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жамбыл облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және Жамбыл облысында агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда келесідей ұғымдар пайдаланылады:
1) агроөнеркәсіптік кешен – ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнімдерін өндіруді, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және өткізуді, сондай-ақ тамақ өнеркәсібін, оларды қазіргі заманғы техникамен, технологиялық жабдықпен, ақшамен, ақпараттық және басқа да ресурстармен қамтамасыз ететін ілеспе өндірістер мен қызмет салаларын, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті, ғылыми қамтамасыз ету мен кадрлар даярлауды қамтитын экономика салаларының жиынтығы;
2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілері – агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
3) бағдарлама – "Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі қызметтер" 019 бюджеттік бағдарламасы;
4) бюджеттік бағдарлама әкімшісі – Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасымен облыстың агроөнеркәсіптік кешен субъектілері инновациялық тәжірибені тарату және енгізу бойынша бюджеттік бағдарламаны басқару қызметі жүктелген агроөнеркәсіптік кешен субъектілері саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша атқарушы орган (бұдан әрі - Бағдарлама әкімшісі);
Полная версия