Салық салу мақсаттары үшін жерлерді зоналау негізінде жер салығының базалық ставкасын түзету туралы
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының XIV сессиясының 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 14/6-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 6 ақпанда N 5-4-106 тіркелді
Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 30.11.2020 № 49/5-VI шешімімен (12.03.2018 жылғы редакцияны қараңыз).(01.01.2021 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
#$Шешімнің қолданысы тоқтатылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 01.04.2015 № 32/25-V шешімімен
Шешімнің күші қайта қалпына келтірілді - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 22.12.2015 № 40/14-V шешімімен.(қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді)
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы (Салық кодексі) Кодексінің 510-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 8 - бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 – бабына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 12.03.2018 № 19/15-VI шешімімен (22.12.2015 жылғы редакцияны қараңыз).(алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
ІХ, Х, ХІ, ХІІ зонаны – 0%. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2. Алып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 14.07.2015 № 36/9-V шешімімен (01.04.2015 жылғы редакцияны қараңыз)(алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi
3. Алып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 14.07.2015 № 36/9-V шешімімен.(алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
6. Осы шешімге сәйкес Риддер қаласы бойынша Салық басқармасы, Риддер қаласы жер қатынастары бөлімінің келісімі бойынша салық салу кезінде заңды және жеке тұлғаларға базалық салық ставкаларын түзетуді қолдансын.
7. Мәслихаттың 08.12.2004 жылғы № 12/10-ІІІ "Салық салу мақсаттары үшін жерлерді зоналаудың негізінде жер салығының базалық ставкасын түзету туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 22.12.2004 ж. № 2086 тіркелген) күшін жойды деп саналсын.