Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.08.2020
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 182-976 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылы 23 шілдеде № 924 болып тіркелді
Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 05.08.2020 № 158-1535 қаулысымен (07.09.2016 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы » 2016 жылғы 6 сәуірдегі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы » 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы » 2013 жылғы 15 сәуірдегі заңдарына, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2015 жылғы 12 мамырда № 11015 тіркелді) сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
кіріспе өзгертілді - Астана қаласы әкімдігінің 07.09.2016 № 182-1616 қаулысымен (15.06.2015 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 182-194 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2015 жылғы 13 наурызда № 889 тіркелді, 2015 жылғы 21 наурыздағы № 31 (3236) «Астана ақшамы» және 2015 жылғы 21 наурыздағы № 31 (3254) «Вечерняя Астана» газеттерде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
3. «Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны кейіннен ресми және мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.И. Лукинге жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы әкімдігінің
 2015 жылғы 15 маусымдағы
 № 182-976 қаулысымен
 бекітілген
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе
 жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған
 тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою,
 сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы
 шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Астана қаласы әкімдігінің уәкілетті органы – «Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекет көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) және осы Регламентке сәйкес көрсетіледі.
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тармақ өзгертілді - Астана қаласы әкімдігінің 07.09.2016 № 182-1616 қаулысымен (15.06.2015 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – кезектің реттік нөмірін көрсете отырып, есепке қою туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) немесе Стандарттың 10-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Жергілікті атқарушы органдардың Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру туралы шешімді қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысымен бекітілген Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларына сәйкес кезек тізіміне сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны қағаз тасығышта алу үшін өтініш берген жағдайда хабарлама электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және Мемлекеттік корпорацияның уәкілетті тұлғасының қолы және мөрімен расталады.
Портал арқылы өтініш берген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.
4-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 07.09.2016 № 182-1616 (15.06.2015 жылғы редакцияны қараңыз) қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi