Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.02.2021
Дәрілік заттарды қосымша беру туралы
Қарағанды облыстық мәслихатының 2019 жылғы 28 ақпандағы № 398 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 5 наурызда № 5211 болып тіркелді.
Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 25.02.2021 № 34 шешімімен (02.07.2020 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қарағанды облысының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша берілсін (рецепт бойынша):
"Инфликсимаб" - "Ойық жаралы колит, Крон ауруы" диагнозы бойынша;
"Олодатерол гидрохлориді/Тиотропия бромиді моногидрат" - "Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы" диагнозы бойынша;
"Канакинумаб" - "Ювенильді идиопатиялық артрит" диагнозы бойынша;
"Көктамыр ішіне енгізу үшін G Иммуноглобулин (адамдық қалыпты)" - "Аутоиммундық аурулар және иммундық жетіспеушілік жағдайлар" диагнозы бойынша".
1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облыстық мәслихатының 02.07.2020 № 553 (28.02.2019 жылғы редакцияны қараңыз) шешімімен.(алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың халықты әлеуметтік-мәдени дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (С.М. Әдекенов).
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
Сессия төрағасы Т. Тілемісов
Облыстық мәслихат хатшысы С. Өтешов
Полная версия
ИС BestProfi