Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" № 482-V жаңа заңының қабылдануына байланысты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы "Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы" № 964 қаулысын орындау үшін, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" № 480-V заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" № 148 заңының негізінде Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Мүгедектер, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы" Саран қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 31/01 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 2 маусымдағы № 21/02 қаулысы
1. Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 23 тамыздағы "Мүгедектер, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы" № 31/01 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1940 болып тіркелген, "Спутник" жарнамалы – ақпараттық № 39 (1397) апталығында, 2012 жылы 27 қыркүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары Ералы Серикович Оспановқа жүктелсін.
Саран қаласының әкімі | А. Шкарупа |
Полная версия