Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 30.11.2020
Сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 142/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 25 маусымда № 4543 болып тіркелді
Күші жойылды - Павлодар облысының әкімдігінің 30.11.2020 № 254/5 қаулысы (15.12.2017 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1. Қоса беріліп отырған:
1) "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру";
2) "Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері бекітілсін.
2. Павлодар облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) 2014 жылғы 24 сәуірдегі "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы" № 124/4 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3819 болып тіркелді, 2014 жылғы 3 маусымда "Сарыарқа самалы" газетінде, 2014 жылғы 31 мамырда "Звезда Прииртышья" газетінде жарияланды);
2) 2014 жылғы 17 шілдедегі "Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы" № 124/4 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" № 253/7 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3941 болып тіркелді, 2014 жылғы 6 қыркүйекте "Сарыарқа самалы" газетінде, 2014 жылғы 30 тамызда "Звезда Прииртышья" газетінде жарияланды).
3. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Қ. Бозымбаев |
Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы "19" мамырдағы № 142/5 қаулысымен бекітілді |
"Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент жаңа редакцияда - Павлодар облыстық әкімдігінің 15.12.2017 № 410/6 (15.12.2016 жылғы редакцияны қараңыз) қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
Полная версия