Близость слов: Окончание:





Исатай ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы
Атырау облыстық әкімиятының 2008 жылғы 10 сәуірдегі N 84 қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының 2008 жылғы 11 сәуірдегі N 97-IV шешімі.
Атырау облыстық Әділет департаментінде 2008 жылғы 22 сәуірде N 2527 тіркелді
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6, 27-баптарына сәйкес, облыстық ономастикалық комиссияның 2008 жылғы 27 ақпандағы қорытындысы, Исатай аудандық мәслихатының 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 50-IV "Ауданның кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы" шешімі, Исатай аудандық әкімиятының 2008 жылғы 22 қаңтардағы N 8 қаулысы негізінде облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ  және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ: 
1) Новобогат ауылдық округі - Қамысқала ауылдық округі;
2) Забурын ауылдық округінің Забурын ауылы - Зинеден ауылы;
3) Аққыстау ауылдық округінің Гран елді мекені - Өркен елді мекені болып қайта аталсын.
#$1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Атырау облысы әкімінің 10.10.2014 № 315 және Атырау облыстық мәслихатының 10.10.2014 № 325-V бірлескен шешімімен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы мен шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыстық мәслихат хатшысы                  Ж. Дүйсенғалиев
Полная версия
ИС BestProfi