Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2012
2011-2013 жылдарға арналған Риддер қаласының бюджеті туралы
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы N 29/6-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Риддер қалалық әділет басқармасында 2011 жылғы 06 қаңтарда № 5-4-140 тіркелді
#$1-қосымша жаңа редакцияда - Риддер қалалық мәслихатының 14.11.2011 № 37/2-IV шешімімен.(01.01.2011 бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты сессиясының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 26/310-IV шешіміне (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2541 нөмірімен тіркелген) сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ: 
1. 2011-2013 жылдарға арналған Риддер қаласының бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға тиісінше сәйкес, соның ішінде 2011 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
кірістер – 2775155 мың теңге, соның ішінде:
салықтық емес түсімдер – 8527 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 23615 мың теңге;
таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
бюджет тапшылығы (профицит) – -66215 мың теңге;
бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 66215 мың теңге.
1-тармақ жаңа редакцияда - Риддер қалалық мәслихатының 14.11.2011 № 37/2-IV (30.09.2011 жылғы редакцияны қараңыз) шешімімен.(01.01.2011 бастап қолданысқа енгізіледі)
2. 2010 жылғы 24 желтоқсандағы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты сессиясының шешімімен белгіленген әлеуметтік салық, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы, қызметтерін бір реттік талондар бойынша жүзеге асыратын жеке тұлғаларға салынатын жеке табыс салығы, төлем көзінен ұсталмайтын жеке табыс салығы, төлем көзінен ұсталатын шетел азаматтарының жеке табыс салығы және төлем көзінен ұсталмайтын шетел азаматтарының жеке табыс салығы бойынша қала бюджетіне түсетін түсім нормативтерінің мөлшері 2011 жылға 100 пайыз мөлшерінде белгіленсін.
3. 2010 жылға арналған қалалық бюджетте облыстық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенциялар 408919 мың теңге көлемінде ескерілсін.
3-1. 16 қосымшаға сәйкес 2011 жылға арналған қалалық бюджетте ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін берілген бюджеттік кредиттерді 1761 мың теңге көлемінде қайтару ескерiлсiн.
Шешім 3-1 тармақпен толықтырылды - Риддер қалалық мәслихатының 22.06.2011 № 34/2-IV (25.03.2011 жылғы редакцияны қараңыз)(01.01.2011 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс
 жаңа редакцияда - Риддер қалалық мәслихатының 14.11.2011 № 37/2-IV шешімдерімен.(01.01.2011 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
4. Риддер қалалық Қазынашылық бөлімі 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап, қалалық бюджетке кірістер сомасын есепке алуды белгіленген нормативтер бойынша жүргізсін.
5. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238-бабы 2, 3-тармақтарына сәйкес ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт салалары қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен лауазымдық жалақылары және қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайларда шұғылданатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда еңбекақылары жиырма бес пайызға көбейтіліп бекітілсін.
Полная версия
ИС BestProfi