Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
1. «Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 5-6, 64-құжат) келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы ережеде:
16-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы жүз жетінші және жүз сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген жағдайларда талаптар мен хабарламалар жіберу;
байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді тоқтата тұру тәртібі жедел-іздестіру қызметі субъектілері мен байланыс саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп айқындау.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Ұ. Маминге
«Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
1. Жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның атауы
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.
2. Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 20__ жылғы «___» ________ Қазақстан Республикасы Заңына сәйкестікке келтіру.
3. Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)
Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді.
4. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.
5. Нақты мақсаттар және күтілетін нәтижелердің мерзімдері
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ережесіне «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес толықтырулар енгізу.
6. Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер
Жоқ.
7. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы
Талап етілмейді.
8. Ұсынылған халықаралық шарт жобасын кейіннен ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат
Халықаралық шарт болып табылмайды.
9. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаларды және оларға материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі
Рұқсат етіледі.
10. Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)
Жоба 2020 жылғы «» Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында www.qogam.gov.kz сондай-ақ, ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында орналастырылған (84 Кбайт).
11. Тауарларды сатуға, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулының жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады
Талап етілмейді.
12. Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі
Сәйкес келеді.
13. Үкіметтің актісін қолданысқа енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есептер қорытындысы
Талап етілмейді.
14. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындысымен келіспеу себептерінің негіздемесі
Талап етілмейді.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі А. Балаева
«Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕСІ
|
№ р/с |
НҚА Құрылымдық элементі |
Қолданыстағы редакция |
Ұсынылатың редакция |
Негіздеме |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
«Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысы |
||||
|
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы ереже |
||||
|
|
16-тармақ 1) тармақша |
Жоқ |
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген жағдайларда талаптар мен хабарламалар жіберу;
|
«Байланыс туралы» ҚР Заңының 41-1 бабына сәйкес келтіру мақсатында, оған сәйкес ақпарат саласындағы уәкілетті орган «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген жағдайларда талаптар мен хабарламалар жібереді. |
|
|
16-тармақ 1) тармақша |
Жоқ |
байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді тоқтата тұру тәртібі жедел-іздестіру қызметі субъектілері мен байланыс саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп айқындау.
|
«Байланыс туралы» ҚР Заңының 41-1 бабы 1-2-тармағына сәйкес келтіру мақсатында, оған сәйкес байланыс және ақпарат саласындағы уәкілетті органдар байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді тоқтата тұру тәртібі жедел-іздестіру қызметі субъектілерімен бірлесіп айқындайды. |
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі А. Балаева

