1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Семей ядролық қауіпсіздік аймағы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Семей ядролық қауіпсіздік аймағы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 19-І, 99, 101-құжаттар; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 117-құжаттар; № 21-І, 124, 126-құжаттар; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 56-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 10, 79-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 4, 7-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; 2019 ж., № 7 (2782), 39-құжат):
1) мазмұнында:
мынадай мазмұндағы 16-1-тараудың тақырыбымен және 138-1-баппен толықтырылсын:
«16-1-тарау. Ядролық қауіпсіздік аймақтарының жері»;
«138-1-бап. Ядролық қауіпсіздік аймақтарының жер ұғымы және оның құрамы»;
2) 1-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) ядролық қауіпсіздік аймақтарының жері.»;
3) 13-бап:
мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
«3-2) босалқы жерді атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ұсынысы бойынша ядролық қауіпсіздік аймақтарының жер санатына ауыстыру және оның тәртібін бекіту;»;
4) 137-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
5) 138-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«138-бап. Босалқы жерді беру
Босалқы жер ауыл шаруашылығының, жекеше орман өсірудің, өнеркәсіптің мұқтажы және өзге де мақсаттар үшін осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда меншікке немесе жер пайдалануға беріледі. Босалқы жерді басқа санаттарға ауыстыру оны меншікке немесе жер пайдалануға берумен бір мезгілде жүргізіледі.»;
6) мынадай редакциядағы 16-1-тараумен толықтырылсын:
«16-1-тарау. Ядролық қауіпсіздік аймақтарының жері
138-1-бап. Ядролық қауіпсіздік аймақтарының жер ұғымы және оның құрамы
1. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен ядролық қауіпсіздік аймақтарын құру және олардың жұмыс істеуі үшін берілген жер ядролық қауіпсіздік аймақтарының жері деп танылады.
2. Ядролық қауіпсіздік аймақтарының жері ядролық қауіпсіздік аймағының тиісті операторына тұрақты жер пайдалануға беріледі.
7) 143-бапта:
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Осы баптың 1-3-тармақтарының ережелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ядролық қауіпсіздік аймағының операторына берілетін ядролық қауіпсіздік аймақтарының жеріне және босалқы жерге қатысты қолданылмайды.
Босалқы жерді Семей ядролық қауіпсіздік аймағының операторына босалқы жер санатынан ядролық қауіпсіздік аймақтарының жер санатына ауысуға әкеп соғатындай тұрақты жер пайдалануға беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Ядролық қауіпсіздік аймақтарының жерін жер пайдалануға беру осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.».
2. 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы: 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 141-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 56, 57-құжаттар; № 8-II, 71, 72-құжаттар; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 7, 14-құжат; № 9, 17-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7 (2782), 37-құжат):
1) мазмұнында:
мынадай мазмұндағы 215-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«215-1. Ядролық қауіпсіздік аймақтарының жерін аймақтарға бөлу және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар».
2) 101-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының заңнамасында қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы алудан босату жағдайлары көзделуі мүмкін.»;
3) 215-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Осы баптың 4-5-тармақтарының ережелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ядролық қауіпсіздік аймағының операторына берілетін ядролық қауіпсіздік аймақтарының жеріне және босалқы жерге қатысты қолданылмайды.».
2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Семей ядролық қауіпсіздік аймағы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Заң жобасын әзірлеу қолданыстағы заңнаманы «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына (бұдан әрі – негізгі заң жобасы) сәйкестікке келтіру қажеттілігімен байланысты, оның шеңберінде бұрынғы Семей сынақ полигонындағы (бұдан әрі – ССП) қызметті реттеудің жаңа тәсілдерін іске асыру жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта ССП аумағын қауіпсіз күйге келтіру үшін шешілуі қажет бірқатар мәселелер мен қайшылықтар бар. Бұл мәселелер экология, салық және жер заңнамасы саласындағы жекелеген талаптар мен ережелерді регламенттейтін, ССП аумақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тексеруге бағытталған арнайы заңнамалық нормалардың жоқ екендігіне байланысты.
Заң жобасы:
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне – «ядролық қауіпсіздік аймағы жері» санатын енгізу, жерді осы санатқа ауыстыру және оларды реттеу бөлігінде;
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне – ядролық қауіпсіздік аймағының жеріне және ядролық қауіпсіздік аймағының операторына берілетін босалқы жерге қатысты қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы төлеуден босату бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.
Заң жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 1033 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарына енгізілген.
Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және өзге де салдарға әкеп соқпайды, мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды қажет етпейді.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі А. Мамин
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Семей ядролық қауіпсіздік аймағы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасы бойынша салыстырмалы кесте
|
№ |
Құрылымдық элемент |
Қолданыстағы редакция |
Ұсынылатын редакция |
Негіздеме |
|
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі |
||||
|
|
Мазмұны |
Жоқ. |
«16-1-тарау. Ядролық қауіпсіздік аймақтарының жері»; |
Қолданыстағы заңнаманы «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» заң жобасына сәйкестікке келтіру қажеттігінен туындады (8-баптың 5-тармағы). Ядролық қауіпсіздік аймақтарының жері ұғымын енгізу оларды одан әрі реттеу мақсатында қажет.
|
|
|
|
Жоқ |
«138-1. Ядролық қауіпсіздік аймақтарының жері ұғымы». |
|
|
|
Кодекстің 1-бабының 1-тармағының 8) тармақшасы |
1-бап. Қазақстан Республикасының жер қоры 1. Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді: 8) жоқ |
1-бап. Қазақстан Республикасының жер қоры 1. Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді: 8) ядролық қауіпсіздік аймақтарының жері; |
|
|
|
Кодекстің 13-бабының 3-2) тармақшасы
|
13-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
3-2) жоқ. |
13-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті: 3-2) тиісті уәкілетті мемлекеттік органның ұсынысы бойынша босалқы жерді ядролық қауіпсіздік аймақтарының жер санатына ауыстыру және оның тәртібін бекіту; |
|
|
|
Кодекстің 137-бабы |
137-бап. Босалқы жер құрамы 2. Ядролық қару сынақтары жүргiзiлген жер учаскелерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен босалқы жер құрамына ауыстырылады. Аталған жердiң құқықтық режимi осы Кодекстiң 143-бабына сәйкес айқындалады. |
137-бап. Босалқы жер құрамы
Алынып тасталсын.
|
Қолданыстағы заңнаманы «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» заң жобасына сәйкестікке келтіру қажеттігінен туындады. «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» заң жобасына сәйкес мұндай учаскелер ядролық қауіпсіздік аймақтары жерінің құрамына ауыстырылады.
|
|
|
Кодекстің 138-бабы
|
138-бап. Босалқы жерді беру Босалқы жер ауыл шаруашылығы, жекеше орман өсіру, өнеркәсіп қажеттіліктері және өзге де мақсаттар үшін осы Кодексте белгіленген тәртіпте және жағдайларда меншікке немесе жер пайдалануға беріледі. |
138-бап. Босалқы жерді беру Босалқы жер ауыл шаруашылығы, жекеше орман өсіру, өнеркәсіп қажеттіліктері және өзге де мақсаттар үшін осы Кодексте және өзге де заңнамалық актілерде белгіленген тәртіпте және жағдайларда меншікке немесе жер пайдалануға беріледі. |
Қолданыстағы заңнаманы «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» заң жобасына сәйкестікке келтіру қажеттігінен туындады (8-бап). |
|
|
Кодекстің 16-1-тарауы |
Жоқ |
16-1-тарау. Ядролық қауіпсіздік аймақтарының жері |
Ядролық қауіпсіздік аймақтарының жері ұғымын енгізу оларды одан әрі реттеу мақсатында қажет.
|
|
|
Кодекстің 138-1-бабы
|
Жоқ. |
138-1-бап. Ядролық қауіпсіздік аймақтарының жері ұғымы. 1. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен ядролық қауіпсіздік аймақтарын құру және олардың жұмыс істеуі үшін берілген жер ядролық қауіпсіздік аймақтарының жері деп танылады. 2. Ядролық қауіпсіздік аймақтарының жері ядролық қауіпсіздік аймағының тиісті операторына тұрақты жер пайдалануға беріледі . |
|
|
|
143-баптың 6-тармағы |
143-бап. Радиоактивті ластануға ұшыраған және ядролық қару сынақтары өткізілген жер |
143-бап. Радиоактивті ластануға ұшыраған және ядролық қару сынақтары өткізілген жер 6. Осы баптың 1-3-тармақтарында көзделген реттеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ядролық қауіпсіздік аймағының операторына берілетін ядролық қауіпсіздік аймақтарының жеріне және босалқы жерге қатысты қолданылмайды. Босалқы жерді босалқы жер санатынан ядролық қауіпсіздік аймақтарының жер санатына ауысуға әкелетін ядролық қауіпсіздік аймағының операторына тұрақты жер пайдалануға беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады. Ядролық қауіпсіздік аймақтарының жерін жер пайдалануға беру осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады. |
Қолданыстағы заңнаманы «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» заң жобасына сәйкестікке келтіру қажеттігінен туындады. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне сәйкес «Ядролық қару сынақтары жүргiзiлген жер учаскелерiн ядролық қаруды сынаудың зардаптарын жою жөнiндегi барлық iс-шаралар және кешендi экологиялық зерттеп-қарау аяқталғаннан кейiн мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде ғана Қазақстан Республикасының Үкiметi жеке меншiкке немесе жер пайдалануға беруi мүмкiн». Бұл ретте ядролық сынақтар тікелей жүргізілген жерлерде орналасқан стратегиялық объектілерді, жер учаскелерін құқықтық ресімдеу проблемасы туындайды. Аталған объектілерде ядролық қару сынақтарының салдарын жою жөніндегі іс-шараларды жүргізу түптеп келгенде мүмкін емес. |
|
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексі |
||||
|
|
Кодекстің 101-бабының 1-тармағының 2-абзацы |
101-бап. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы 1. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасы белгілейді. |
101-бап. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы 1. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасы белгілейді. Қазақстан Республикасының заңнамасында қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы алудан босату жағдайлары қарастырылуы мүмкін.
|
Қолданыстағы заңнаманы «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» заң жобасына сәйкестікке келтіру қажеттігінен туындады (16-баптың 1-тармағы). Оңалту іс-шараларын жүргізу кезінде тек эмиссия үшін төлемдер миллиардтаған теңгеге жетуі мүмкін. Оңалту іс-шараларын жүргізуге бюджет қаражаты тартылатынын ескерер болсақ, бұл республикалық бюджет үшін айтарлықтай жүктеме болады. |
|
|
Кодекстің 215-бабының 6-тармағы |
215-бап. Босалқы жерді аймақтарға бөлу және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар Жоқ. |
215-бап. Босалқы жерді аймақтарға бөлу және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар 6. Осы баптың 4-5-тармақтарында көзделген реттеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ядролық қауіпсіздік аймағының операторына берілетін ядролық қауіпсіздік аймақтарының жеріне және босалқы жерге қатысты қолданылмайды.
|
Қолданыстағы заңнаманы «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» заң жобасына сәйкестікке келтіру қажеттігінен туындады (10-баптың 1-тармағы).
|

