«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 144-бабының 6-тармағына және «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 126 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 126 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
1. «Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 126 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16793 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2018 жылғы 27 сәуірде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
«Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 126 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16793 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2018 жылғы 27 сәуірде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында:
2-тарау мынадай мазмұндағы 11-параграфпен толықтырылсын:
«11 -параграф. COVID-19 жаңа коронавирустық инфекциясының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
329-1. ЖРВИ (ТТА, АЖРИ), тұмау және олардың асқынуларын (пневмонияны) қадағалау шеңберінде халықтың COVID-19-бен сырқаттанушылығын санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бір жыл бойы мониторинг түрінде жүзеге асырылады және санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізуді қамтиды.
329-2. COVID-19-ды эпидемиологиялық қадағалау жыл бойы жүргізіледі, оның мақсаты амбулаториялық және стационарлық науқастардың сырқаттанушылығына мониторинг жүргізу, халық арасында SARS-cov-2 және вирус геномын ерте анықтау болып табылады.
329-3. COVID-19-ды қадағалау шеңберінде мынадай іс-шаралар жүргізу қамтамасыз етіледі:
1) денсаулық сақтау басқармалары, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары және мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық жедел кешенді іс-шаралар жоспарларын әзірлеуі;
2) төсек қорының қажетті көлемін, клиникалық хаттамаға сәйкес негізгі препараттардың, қарқынды терапия көрсетуге арналған жабдықтың және құралдардың, дезинфекциялау препараттары мен жеке қорғаныш құралдарының резервін құруды көздей отырып, сырқаттанушылықтың көтерілуі кезінде медициналық ұйымдардың COVID-19-бен ауыратын науқастарды қабылдауға дайындығы;
3) медициналық ұйымдардың жұмыскерлерімен және білім беру ұйымдарының персоналымен COVID-19 клиникасы, диагностикасы, оны емдеу және алдын алу мәселелері бойынша семинарлар мен нұсқамалар өткізу.
329-4. COVID-19 тіркелген кезінде мынадай іс-шараларды жүргізу қамтамасыз етіледі:
1) барлық COVID-19 жағдайларын, сондай-ақ биоматериалды SARS-cov-2-ге зертханалық зерделей отырып, оларға байланысты өлім-жітім жағдайларын есепке алу;
2) аумақтар, жас ерекшелігі және тәуекел топтары бойынша COVID-19-бен сырқаттанушылыққа және ұқсас ауруларға (ЖРВИ, тұмауға және олардың асқынуларына (пневмониялар), сондай-ақ олардан болған өлім-жітімге жүйелі (күнделікті) мониторинг жүргізу;
3) медициналық ұйымдар күн сайын COVID-19, ЖРВИ, тұмаумен сырқаттанушылық және олардың асқынулары (пневмониялар), сондай-ақ олардан болған өлім-жітім жағдайлары туралы ақпаратты аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменттеріне (АД) береді;
5) жергілікті атқарушы органдар COVID-19-бен сырқаттанушылық және олардан болған өлім-жітім бойынша, өңірдегі эпидемиологиялық ахуал және COVID-19-дың профилактикасы және оған қарсы күрестің қажетті шаралары туралы ақпарат жүйелі түрде ақпараттандырылады (жиілігін АД басшысы айқындайды);
Полная версия

