Близость слов: Окончание:





«Балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 9 тамыздағы № 324 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» бұйрық жобасы
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 9 тамыздағы № 324 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
1. «Балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 9 тамыздағы № 324 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 15665 болып тіркелді, 2017 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
аталаған бұйрықпен бекітілген Балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру қағидаларының:
8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Су айдындарын және (немесе) учаскелерiн кәсіпкерлік қызмет мақсатында балықтардың өсімін жасанды молайту және өсіруге балық өсіруді жүргізу үшін осы Қағиданың қосымшасын сәйкес нысан бойынша балық өсіруді жүргізуге арналған шарт негіз болып табылады.»;
Қағиданың қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес келесі редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстарының вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы «___» _________
№ ____ бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2017 жылғы 9 тамыздағы
№ 324 бұйрығына қосымша
Балық өсіруді жүргізуге арналған шарт
Полная версия
ИС BestProfi