Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №832 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ, 2016 ж., № 65, 428 бап) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарда:
5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3)ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның объект құрауыштарын біріздендіру жөнінегі талаптарды белгілеу;»
6-тармақта:
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) сыртқы шеңбердің локальдық желісі (бұдан әрі – сыртқы шеңбердің ЛЖ) – ақпараттандыру субъектілерінің телекоммуникациялық желісінің сыртқы шеңберіне жатқызылған, байланыс операторлары ақпараттандыру субъектілеріне арналған Интернетке қолжетімділіктің бірыңғай шлюзі арқылы ғана ұсынатын Интернетпен қосылуы бар уәкілетті орган айқындаған ақпараттандыру субъектілерінің локальдық желісі;»;
20-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20-1) ұйымдар – мемлекеттік заңды тұлға, квазимемлекеттік сектор субъектісі, сондай-ақ олардың филиалдары, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің иелері және иеленушілері, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің иелісі мен иеленушісі;»;
23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«23) ішкі шеңбердің локальдық желісі (бұдан әрі – ішкі шеңбердің ЛЖ) – ақпараттандыру субъектілерінің телекоммуникациялық желісінің ішкі шеңберіне жатқызылған, мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасымен қосылуы бар уәкілетті орган айқындаған ақпараттандыру субъектілерінің локальдық желісі;»;
мынадай мазмұндағы 26) және 27) тармақтармен толықтырылсын:
«26) желіаралық экран – берілен ережелерге сәйкес желілік трафикті бақылау мен сүзуді жүзеге асыратын ақпараттық-коммуникациялық инфроқұрылымда жұмыс істейтін ақпараттық-бағдарламалық кешен;
27) портативті компьютер – бір бұйымда орындалған, автономды қуаттану арқылы жұмыс істейтін және құрамында стационарлық компьютердің компоненттері бар компьютер;»;
7-тармақ мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
«18) АС - уәкілетті орган айқындаған ақпараттандыру субъектілері;»;
Полная версия

