Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 12.11.2022
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 30 мамырдағы № 46 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 мамырда № 20788 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2022 жылғы 12 қарашадан бастап күшін жойды ҚР Ұлттық экономика министрінің 26.10.2022 жылғы № 75 Бұйрығына сәйкес
1. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақтарында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Р. Даленов
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 30 мамырдағы № 46 бұйрығымен бекітілген
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттық субсидиялау жүйесі – мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған, «электрондық үкімет» веб-порталымен өзара іс-қимыл жасауға, өтінішті тіркеуге, сондай-ақ өтініштің мемлекеттік қолдау көрсету шарттарына сәйкестігін автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырушылық-ретке келтірілген жиынтығы;
2) «Бизнеске арналған үкімет» сервисінің веб-порталы – «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша кәсіпкерлерге мемлекеттік қызметтер көрсету және мемлекеттік қолдау шаралары жөніндегі онлайн-платформа;
3) жеке кабинет – пайдаланушының (кәсіпкердің, уәкілетті органның, қаржылық емес қолдау операторының, «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының, қаржы агенттігінің) субсидиялық ақпараттық жүйесіндегі/«Бизнеске арналған үкімет» сервисінің веб-порталындағы дербес веб-парақшасы;
4) кәсіпкер (бұдан әрі – ШОК субъектісі) – өз қызметін 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі;
5) кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – КҚКО) – облыс орталықтарындағы, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларындағы кәсіпкерлер палаталары жанынан және моноқалалардағы, шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы облыстар кәсіпкерлерінің палаталары филиалдары жанынан құрылған, кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға, оның ішінде онлайн режимде көрсетуге арналған инфрақұрылымдық кешен;
Полная версия

