Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 17.05.2025
«Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 517 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 мамырда № 20759 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 17 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 29.04.2025 жылғы № 209 Бұйрығына сәйкес 
1. «Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10007 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларында:
«24. 01-123 және 02-123-нысандар (23 және 23-1-қосымшалар) 123 «Мiндеттi сақтандыру жарналары» ерекшелiгi бойынша шығыстарды есептеуге арналған.
01-123-нысан (23-қосымша) көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру кезінде сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн есептеуге арналған.
23-қосымшаны теңгерімінде көлiк құралдары есепке алынған мемлекеттiк мекемелер көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруға арналған шығыстар сомасын анықтау үшiн толтырады.
Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру кезiндегi сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн есептеу кезінде «Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі Заңын басшылыққа алу қажет.
02-123-нысан (23-1-қосымша) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру кезінде сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн есептеуге арналған.
Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру кезінде сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн есептеу кезінде «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі Заңын басшылыққа алу қажет.»;
«40. 01-324 және 02-324-нысандар (50 және 50-1-қосымшалар) 324 «Стипендиялар» ерекшелiгi бойынша шығыстарды есептеуге арналған.
01-324-нысан (50-қосымша) арнайы әскери-оқу орындарының және кадеттердің студенттеріне, интерндеріне, магистрантарына, доктаранттарына, тыңдаушыларына, курсанттарына стипендиялар төлеуге жұмсалатын шығыстарды есептеуге арналған.
Осы нысанды толтыру кезiнде № 646 қбп қаулысын, сондай-ақ «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысын (бұдан әрi - № 116 қаулы) басшылыққа алған жөн.
02-324-нысан (50-1-қосымша) білім беру және денсаулық сақтау, мәдениет және спорт ұйымдарында оқитын студенттерге, интерндерге, магистранттарға, дайындық бөлімінің және резидентура тыңдаушыларына, докторанттарға стипендиялар төлеуге жұмсалатын шығыстарды есептеуге арналған.
Осы нысанды толтыру кезiнде № 116 қаулыны басшылыққа алған жөн.»;
«41.  Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 133, 155, 156, 163, 164, 165, 166, 167, 211, 212, 221, 321, 322, 323, 331, 332, 339, 341, 351, 359, 411, 412, 417, 418, 419, 421, 422, 423, 429, 431, 432, 433, 434, 435, 441, 451, 511, 512, 513, 514, 519, 521, 531, 541, 611, 612, 621, 711, 712, 713, 714, 715, 721 және 722 ерекшелiктерi бойынша жоспарланатын шығыстардың түрлері жөніндегі есептеулер еркiн нысанда жасалады.»;
Полная версия
ИС BestProfi