Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 8 шілде Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 4 тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Ормандарды тұрақты басқарудың ұлттық өлшемдерін және индикаторларын бекіту туралы» бұйрық жобасы
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Ормандарды тұрақты басқарудың ұлттық өлшемдерін және индикаторларын бекіту туралы
1. Ормандарды тұрақты басқарудың ұлттық өлшемдері мен индикаторларды бекіту.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасына ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы А. Қайнарбеков
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2020 жылғы ___ __________ № ____ бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты орман басқару мақсатында ұлттық өлшемдер мен индикаторлар
|
№ п/п |
Өлшемдер |
Индикаторлар |
Өлшем бірлігі |
Есептілікті қалыптастыру мерзімі |
Ақпарат көзі |
|
1. |
2. |
3. |
4. |
5. |
|
|
1. |
Биологиялық әртүрлілікті сақтау |
1. Ормандардың географиялық орналасуы бойынша (таулы ормандар, шөлді ормандар, жайылмалардағы ормандар, шоқ ормандар, қазақтың шағын адырлары, ұзына бойы созылған қарағайлы ормандар, аралдық қарағайлы ормандар) және олардың орман қорының жалпы ауданының пайызымен. |
га / % |
жыл сайын |
ресми статистикалық деректер |
|
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандары мен олардың жалпы ЕҚТА ауданының үлесі. |
га / % |
жыл сайын |
ресми статистикалық деректер |
||
|
3. Мемлекеттік орман қоры аумақтарын негізгі орман құрушы тұқымдастарға бөлу. |
га |
жыл сайын |
ресми статистикалық деректер |
||
|
2. |
Орман экологиялық жүйесінің өнімділік қабілетін қолдау |
4. Ормандағы ағаштың жалпы қоры. |
текше метр |
жыл сайын |
ресми статистикалық деректер |
|
5. Жеке орман қорының аумағы мен қоры. |
га |
жыл сайын |
ресми статистикалық деректер |
||
|
6. Кесілген ормандардың барлық түрлері бойынша ағаш жинаудың жылдық көлемі. |
текше метр |
жыл сайын |
ҚР ЭГТП министрлігінің ведомстволық есептілігі |
||
|
7. Ағаштан басқа орман ресурстарының жылдық көлемі. |
га |
жыл сайын |
ҚР ЭГТП министрлігінің ведомстволық есептілігі |
||
|
3. |
Ормандарды орман өрттерінен, орман зиянкестері мен ауруларынан күзету және қорғау |
8.Зиянды жәндіктермен, орман ауруларымен, инвазивті түрлермен зақымданған ормандардың ауданы мен үлесі. |
га |
жыл сайын |
ҚР ЭГТП министрлігінің ведомстволық есептілігі |
|
9.Орман өрттері өткен ормандардың ауданы. |
га |
жыл сайын |
ресми статистикалық деректер |
||
|
4. |
Қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұзақ мерзімді көптеген әлеуметтік-экономикалық пайданы қолдау және кеңейту |
10. Орманмен көрсетілетін капиталдық инвестициялардың және орман шаруашылығының жыл сайынғы шығынының, сүректі және сүректі емес өнімдер өндірісінің көлемі, экологиялық қызметтер, рекреация және туризм. |
мың тг |
жыл сайын |
ресми статистикалық деректер |
|
11. Мемлекеттік бюджеттен шығындары және жыл сайынғы инвестициялары: 1) Орман тематикасы бойынша зерттеу; 2) Білім беру. |
мың тг мың тг |
жыл сайын |
ресми статистикалық деректер |
||
|
12. Рекреация және туризм үшін қол жетімді және/немесе басқарылатын орманның алаңы және үлесі. |
га |
жыл сайын |
ҚР ЭГТП министрлігінің ведомстволық есептілігі |
||
|
13. Рекреациямен және туризммен байланысты орма қорына келушілердің саны мен мәні. |
адам |
жыл сайын |
ҚР ЭГТП министрлігінің ведомстволық есептілігі |

