Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 214 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 мамырда № 20776 болып тіркелді
Редакция 13.04.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 31.08.2021 жылғы № 281 Бұйрығына сәйкес (29.05.20201 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 31.08.2021 жылғы № 281 Бұйрығына сәйкес (29.05.20201 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Көмірсутектер мен уранды өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды жасасу (қол қою)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Көмірсутектер мен уранды өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қосымша келісімдерді жасасу (қол қою)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі    Н. Ногаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 214 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 31.08.2021 жылғы № 281 Бұйрығына сәйкес (29.05.20201 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi