Близость слов: Окончание:





«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 77 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 77 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 77 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4257 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:  
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату ережесін және тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату ережесі және тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар бекітілсін.»;  
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату туралы ережеде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату ережесі және тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы «Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату ережесі және тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі - Сақтандыру қызметі туралы заң), «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді».»;
2-тармақта: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бастапқы баға – «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Бағалау қызметі туралы заң) сәйкес бағалаушы айқындаған лот (мүлік) құнынан төмен емес белгіленетін әрбір лот бойынша сауда-саттық басталатын баға;»;  
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) кредиторлар талаптарының тiзiлiмі – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекіткен, кредиторлардың тарату комиссиясы таныған талаптарын, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) жүзеге асырылған кепілдік төлемдері, Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және талаптармен басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына берілетін мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін төлеуге байланысты шығыстар бойынша талаптарын көрсететін құжат;»;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде «Бағалы қағаздар нарығы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң) сәйкес номиналды ұстауға берілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін салыстырып тексеруді жүргізеді және қажет болған жағдайда активтерді номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бір ұйымда жинақтайды және (немесе) ақшаны таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ағымдағы шотына аударады;»;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) Ережеде көзделген тәртіппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін басқарады;»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ағымдағы шоттары тарату комиссиясының және оның бөлімшелерінің орналасқан жері бойынша екінші деңгейдегі банктің филиалдарында теңгемен және қажет болған кезде шетел валютасымен ашылады.
Ережеде көзделген касса лимитін қоспағанда, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, оның ішінде филиалдарының не өкілдіктерінің ақшасы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ағымдағы шотына есепке жазылады.  
Екінші деңгейдегі банктердегі ағымдағы шоттардағы ақша және (немесе) Бағалы қағаздар нарығы туралы заңға сәйкес номиналды ұстауға берілген ақша таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қатысуымен қор биржасының сауда жүйесінде күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге автоматты тәсілмен жасалатын «кері РЕПО» мәмілелерінің мәні болуы мүмкін.
Тарату комиссиясы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының алдында берешегі жоқ заңды немесе жеке тұлғалардың жазбаша талап етуі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шоттарына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиядан айырылғаннан кейін келіп түскен, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін келіп түсетін ақшаны дереу (талапты алған күннен бастап үш жұмыс күні iшiнде) қайтаруды жүзеге асырады.»;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Тарату комиссиясы қызметкерлерінің іссапарға шығуы жөніндегі шығыстар тарату шығыстарының сметасында көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.  
Іссапарға жіберілген қызметкерге 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тәуліктік ақы төленеді, сондай-ақ Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен, облыс орталықтарында айлық есептік көрсеткіштің төрт еселенген мөлшерінен және аудан орталықтарында үш еселенген мөлшерінен аспайтын тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі шығыстар, іссапарға жіберілген орынға және тұрақты жұмыс орнына кері қарай көліктік шығыстар өтеледі.»;
83-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«83. Тарату комиссиясы Бағалау қызметі туралы заңға сәйкес бағалау қызметін жүзеге асыратын бағалаушыны (бағалаушыларды) тарта отырып, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін бағалауды жүргізеді.
97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«97. Аралық тарату балансын және оған қосымшаларды, оның ішінде кредиторлар талаптарының тізілімін тарату комиссиясы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13638 болып тіркелген «Ерiктi және мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларының есептер мен қосымша ақпаратты беру нысандарын, мерзімдерін және кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 65 қаулысында (бұдан әрі – № 65 қаулы) белгіленген нысандар бойынша жасайды.»;
99-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«99-1. Тарату комиссиясы аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін жасағаннан кейін оларды қағаз және электрондық тасымалдағыштармен уәкілетті органға бекітуге ұсынады.
Уәкілетті орган аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін оларды алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде бекітеді.
Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аралық тарату балансы және кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілгеннен кейін құжаттардың бір данасы тарату комиссиясына қайтарылуға жатады, ал екінші данасы уәкілетті органда қалады.  
Аралық тарату балансының деректері ұсынылған құжаттар мен ақпараттың деректеріне сәйкес келмеген жағдайларда, сондай-ақ № 65 қаулыда көзделген құжаттар ұсынылмаған жағдайда аралық тарату балансы уәкілетті органмен бекітілуге жатпайды.
Аралық тарату балансы және кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілмеген жағдайда, уәкілетті орган анықталған бұзушылықтардың, кемшіліктердің себептері мен оларды жою және аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін бекіту үшін уәкілетті органға қайталап ұсыну мерзімін көрсете отырып, бұл туралы тарату комиссиясын жазбаша хабардар етеді.
Аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін уәкілетті органға қайталап ұсыну мерзімі тарату комиссиясы аралық тарату балансы мен кредиторлар талаптары тізілімінің бекітілмегені туралы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап бір айдан аспайды.»;
165-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«165. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі нәтижесінде пайда болатын құжаттардың сақтау мерзімі көрсетілген тізбесі «Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларының, сақтандыру агенттерінің міндетті түрде сақталуға жататын құжаттарды сақтау қағидаларын және Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларының, сақтандыру агенттерінің міндетті түрде сақталуға жататын құжаттарының тізбелерін және оларды сақтау мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 171 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14309 болып тіркелген) белгіленеді.»;
172-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«172. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторларымен және акционерлерiмен есеп айырысуы аяқталғаннан кейiн тарату комиссиясы сотқа уәкiлеттi органмен келiсiлген тарату туралы есептi және тарату балансын ұсынады.  
Сот тарату туралы есептi және тарату балансын бекiтедi және тарату өндiрiсiнiң аяқталғандығы туралы ұйғарым шығарады.
Тарату комиссиясы сот ұйғарымының көшірмесін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Корпорация), сондай-ақ уәкілетті органға жібереді.»;
173-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«173. Тарату комиссиясы тарату балансы және тарату туралы есеп бекітілгеннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде оларды Корпорацияға, ал көрсетілген құжаттардың көшірмелерін уәкілетті органға ұсынады.».
2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.  
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.  
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
2020 жылғы «___» _________

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
2020 жылғы «___» _________
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 77 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігін Басқарма қаулысы жобасына түсіндірме жазба

№ п/п

Нормативтік құқықтық актінің жобасы туралы мәліметтер тізбесі

Әзірлеуші бөлімшенің ақпараты

1.

Әзірлеуші бөлімше

Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті

2.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау қажеттігіне негіздеме

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында

3.

Нормативтік құқықтық актінің жобасына қысқаша сипаттама

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу және дамыту, микроқаржы қызметі және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 3 шілдедегі Заңын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының өкілеттіктерін кеңейту мақсатында.

4.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен дамыту жөніндегі агенттігі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелерімен, және/немесе өзге де мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер

Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті

Бағалы қағаздар нарығы департаменті

Банктерді реттеу департаменті

Заң департаменті

5.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қаржы ұйымдарымен, өзге де мүдделі заңды тұлғалармен келісу туралы мәліметтер

Қажет етілмейді

6.

Сараптама кеңесіне және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестігінің қарауына жіберу туралы мәліметтер  (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігін нормативтік құқықтық актілері үшін)

____________ «Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы» ЗТБ-ның сараптамалық қорытындысы алынды.

____________ Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жіберген сараптамалық қорытындысы алынды.

_______________ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің хаттамасы жөніндегі сараптама кеңесінің хаттамасы

7.

Нормативтік  құқықтық актінің (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігін нормативтік құқықтық актілері үшін) қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының төмендеуін және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп айырысулардың нәтижелері

Қажет етілмейді

8.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру және көпшілік талқылауы нәтижелері туралы мәліметтер 

Қаулы жобасы 2020 жылғы «  » маусымдағы  ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды.

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

Сақтандыру нарығы және
актуарлық есеп айырысу
департамент директорының м.а. Ә. Әмірбаева
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 77 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Салыстырмалы кестесі

№ п/п

Құрылымдық элемент

Заңнамалық актінің редакциясы

Ұсынылатын редакция

Негіздеме

1

2

3

4

6

  «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 77 қаулысы

  1.  

Тақырып

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесiн бекiту туралы

Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату ережесін және тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды бекіту туралы

«Заң актілері туралы» Заңның 34-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті органның нормативтік құқықтық актіні қабылдауы туралы атау беру.

  1.  

1-тармақ

1. Қоса берiлiп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесi бекiтiлсiн.

1. Қоса беріліп отырған Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату ережесі және тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар бекітілсін.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату туралы Ереже

  1.  

Тақырып

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату туралы Ереже

Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату ережесі және тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар

«Заң актілері туралы» Заңның 34-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті органның нормативтік құқықтық актіні қабылдауы туралы атау беру.

  1.  

Кіріспе

Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату туралы ережесі (бұдан әрі - Ереже) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату тәртібін айқындайды.

Алып тасталсын.

  1.  

1 Тараудың 1-тармағы

1. Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Сақтандыру қызметi туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі – Сақтандыру қызметi туралы заң), "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.

1. Осы «Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату ережесі және тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі - Сақтандыру қызметі туралы заң), «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді».

  1.  

1 Тараудың 2-тармағының 2) тармақшасы

2. Ережені қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:

2) бастапқы баға – әрбір лот бойынша сауда-саттық басталатын, бағалаушы Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес айқындаған лоттың (мүліктің) құнынан төмен емес болып белгіленетін баға;

2. Ережені қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:

2) бастапқы баға – «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Бағалау қызметі туралы  заң) сәйкес бағалаушы айқындаған лот (мүлік) құнынан төмен емес белгіленетін әрбір лот бойынша сауда-саттық басталатын баға;

Редакциялық түзету.

  1.  

1 Тараудың 2-тармағының 6) тармақшасы

2. Ережені қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:

6) кредиторлар талаптарының тiзiлiмі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекіткен, тарату комиссиясымен танылған кредиторлардың талаптарын, жүзеге асырылған кепілдікті төлемдер, Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және талаптарда басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына берілетін мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін төлеуге байланысты шығыстар бойынша "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) талаптарын көрсететін құжат;

2. Ережені қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:

6) кредиторлар талаптарының тiзiлiмі – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекіткен, кредиторлардың тарату комиссиясы таныған талаптарын, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) жүзеге асырылған кепілдік төлемдері, Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және талаптармен басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына берілетін мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін төлеуге байланысты шығыстар бойынша талаптарын көрсететін құжат;;

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу және дамыту, микроқаржы қызметі және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 3 шілдедегі Заңын іске асыру шеңберінде.

  1.  

3 Тараудың 18-тармағының 15) тармақшасы

18. Тарату комиссиясы мынадай іс-шаралар өткізеді:

10-1) жоқ

18. Тарату комиссиясы мынадай іс-шаралар өткізеді:

10-1) тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде «Бағалы қағаздар нарығы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң) сәйкес номиналды ұстауға берілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін салыстырып тексеруді жүргізеді және қажет болған жағдайда активтерді номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бір ұйымда жинақтайды және (немесе) ақшаны таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ағымдағы шотына аударады;

Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығыстарын оңтайландыру мақсатында

  1.  

3 Тараудың 18-тармағының 15) тармақшасы

18. Тарату комиссиясы мынадай іс-шаралар өткізеді:

15) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін оның таратылу мақсаттарына сәйкес басқарады;

18. Тарату комиссиясы мынадай іс-шаралар өткізеді:

15) Ережеде көзделген тәртіппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін басқарады;

Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының өкілеттіктерін кеңейту мақсатында

  1.  

3-Тараудың 19-тармағы

19. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ағымдағы шоттары тарату комиссиясының және оның бөлімшелерінің тұрған жері бойынша екінші деңгейдегі банктің филиалдарында теңгемен және қажет болған кезде шетел валютасында ашылады.

Осы Ережеде көзделген касса лимитін қоспағанда, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, оның ішінде филиалдарының не өкілдіктерінің барлық ақшасы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ағымдағы шотына есепке жазылады.

Тарату комиссиясы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының алдында берешегі жоқ заңды немесе жеке тұлғалардың жазбаша талап етуі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шоттарына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиядан айырылғаннан кейін келіп түскен, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін келіп түсетін ақшаны дереу (талапты алған күннен бастап үш жұмыс күні iшiнде) қайтаруды жүзеге асырады.

19. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ағымдағы шоттары тарату комиссиясының және оның бөлімшелерінің орналасқан жері бойынша екінші деңгейдегі банктің филиалдарында теңгемен және қажет болған кезде шетел валютасымен ашылады.

Ережеде көзделген касса лимитін қоспағанда, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, оның ішінде филиалдарының не өкілдіктерінің ақшасы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ағымдағы шотына есепке жазылады.

Екінші деңгейдегі банктердегі ағымдағы шоттардағы ақша және (немесе) Бағалы қағаздар нарығы туралы заңға сәйкес номиналды ұстауға берілген ақша таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қатысуымен қор биржасының сауда жүйесінде күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге автоматты тәсілмен жасалатын «кері РЕПО» мәмілелерінің мәні болуы мүмкін.

Тарату комиссиясы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының алдында берешегі жоқ заңды немесе жеке тұлғалардың жазбаша талап етуі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шоттарына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиядан айырылғаннан кейін келіп түскен, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін келіп түсетін ақшаны дереу (талапты алған күннен бастап үш жұмыс күні iшiнде) қайтаруды жүзеге асырады.

Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының өкілеттіктерін кеңейту мақсатында

  1.  

4-Тараудың 34-Тармағы

34. Тарату комиссиясы қызметкерлерiнiң шығу шығыстары тарату шығыстарының сметасында көзделген қаражат шегi бойынша жүзеге асырылады.

Іссапарға жіберілген қызметкерге тәуліктік ақы 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен, облыс орталықтарында – айлық есептік көрсеткіштің төрт еселенген мөлшерінен, аудан орталықтарында – айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшерінен аспайтын тұрғын жайды жалдау жөніндегі шығыстар, іссапарға жіберілген жерге және кері қарай тұрақты жұмыс орнына көлік шығыстары өтеледі.

34. Тарату комиссиясы қызметкерлерінің іссапарға шығуы жөніндегі шығыстар тарату шығыстарының сметасында көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

Іссапарға жіберілген қызметкерге 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тәуліктік ақы төленеді, сондай-ақ Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен, облыс орталықтарында айлық есептік көрсеткіштің төрт еселенген мөлшерінен және аудан орталықтарында үш еселенген мөлшерінен аспайтын тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі шығыстар, іссапарға жіберілген орынға және тұрақты жұмыс орнына кері қарай көліктік шығыстар өтеледі.

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларына ұқсас.

 

«Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы-Нұр – сұлтан қаласы деп қайта атау туралы «Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығы.

  1.  

6-Тараудың 83-Тармағы

83. Тарату комиссиясы мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны (бағалаушыларды) тарта отырып, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін бағалауды жүргізеді.

Баланстық құнына қарамастан жылжымайтын мүлікті, бірлігі үшін 1000 (бір мың) айлық есептік көрсеткіштен артық баланстық құны бар жылжымалы мүлікті бағалау үшін бағалаушыны таңдау конкурс (тендер) өткізу жолымен жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша ең тиімді талаптар (көрсетілетін қызмет үшін ақы төлеу мөлшері, бағалауды жүргізу мерзімі, бағалаушының филиалдық желісінің болуы және өзге де талаптар) ұсынған бағалаушыға артықшылық беріледі. Конкурсты (тендерді) өткізу талаптарын тарату комиссиясының төрағасы анықтайды және олар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бағалануға жататын мүлкінің орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе облыста, республикалық маңызы бар қалада, Қазақстан Республикасының астанасында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

Тарату комиссиясы 50 (елуден) 1000 (бір мың) айлық есептік көрсеткішке дейінгі баланстық құны бар жылжымалы мүліктің 1 (бір) бірлігін бағалау үшін бағалаушыны таңдауды баға ұсыныстарын сұрату жолымен жүзеге асырады.

Баланстық құны 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аз жылжымалы мүлікті бағалау жүргізілмейді.

Бағалау жүргізу конкурсына бір-біріне қатысты үлестес бағалаушылар қатыстырылмайды. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында айқындалған тұлғалар үлестес бағалаушылар болып табылады.

83. Тарату комиссиясы Бағалау қызметі туралы заңға сәйкес бағалау қызметін жүзеге асыратын бағалаушыны (бағалаушыларды) тарта отырып, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін бағалауды жүргізеді.

Редакциялық түзету.

  1.  

6-Тараудың 97-Тармағы

97. Аралық тарату балансын және оған қосымшаларды, оның ішінде кредиторлар талаптарының тізілімін тарату комиссиясы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8321 тіркелген "Тарату комиссияларының Қазақстан Республикасында таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының есептері мен қосымша ақпаратын ұсыну нысандарын, мерзімдерін және кезеңділігін және оларды толтыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 376 қаулысында (бұдан әрі – № 376 қаулы) белгіленген нысандар бойынша жасайды.

97. Аралық тарату балансын және оған қосымшаларды, оның ішінде кредиторлар талаптарының тізілімін тарату комиссиясы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13638 болып тіркелген «Ерiктi және мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларының есептер мен қосымша ақпаратты беру нысандарын, мерзімдерін және кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 65 қаулысында (бұдан әрі – № 65 қаулы) белгіленген нысандар бойынша жасайды.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 4 ақпанда № 8321 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 376 қаулысы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 65 қаулысымен күші жойылды.

 

  1.  

6-Тараудың 99-1-Тармағы

99-1. Тарату комиссиясы аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін жасағаннан кейін оларды уәкілетті органға бекітуге ұсынады.

Уәкілетті орган аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін оларды алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде бекітеді.

Аралық тарату балансы және кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілгеннен кейін құжаттардың бір данасы тарату комиссиясына қайтарылуға жатады, ал екінші данасы уәкілетті органда қалады.

Аралық тарату балансының деректері ұсынылған құжаттар мен ақпараттың деректеріне сәйкес келмеген жағдайларда, сондай-ақ № 376 қаулыда көзделген құжаттар ұсынылмаған жағдайда аралық тарату балансы уәкілетті органмен бекітілуге жатпайды.

Аралық тарату балансы және кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілмеген жағдайда, уәкілетті орган анықталған бұзушылықтардың, кемшіліктердің себептері мен оларды жою және аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін бекіту үшін уәкілетті органға қайталап ұсыну мерзімін көрсете отырып, бұл туралы тарату комиссиясын жазбаша хабардар етеді.

Аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін уәкілетті органға қайталап ұсыну мерзімі тарату комиссиясы аралық тарату балансы мен кредиторлар талаптары тізілімінің бекітілмегені туралы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап бір айдан аспайды.

99-1. Тарату комиссиясы аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін жасағаннан кейін оларды қағаз және электрондық тасымалдағыштармен уәкілетті органға бекітуге ұсынады.

Уәкілетті орган аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін оларды алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде бекітеді.

Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аралық тарату балансы және кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілгеннен кейін құжаттардың бір данасы тарату комиссиясына қайтарылуға жатады, ал екінші данасы уәкілетті органда қалады.

Аралық тарату балансының деректері ұсынылған құжаттар мен ақпараттың деректеріне сәйкес келмеген жағдайларда, сондай-ақ № 65 қаулыда көзделген құжаттар ұсынылмаған жағдайда аралық тарату балансы уәкілетті органмен бекітілуге жатпайды.

Аралық тарату балансы және кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілмеген жағдайда, уәкілетті орган анықталған бұзушылықтардың, кемшіліктердің себептері мен оларды жою және аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін бекіту үшін уәкілетті органға қайталап ұсыну мерзімін көрсете отырып, бұл туралы тарату комиссиясын жазбаша хабардар етеді.

Аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін уәкілетті органға қайталап ұсыну мерзімі тарату комиссиясы аралық тарату балансы мен кредиторлар талаптары тізілімінің бекітілмегені туралы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап бір айдан аспайды.

Редакциялық түзету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 4 ақпанда № 8321 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 376 қаулысы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 65 қаулысымен күші жойылды.

 

  1.  

10-Тараудың 165-Тармағы

165. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі нәтижесінде пайда болған құжаттардың сақтау мерзімі көрсетілген тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларының және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру агенттерінің құжаттарды сақтау ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 182 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6932 тіркелген) белгіленеді.

165. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі нәтижесінде пайда болатын құжаттардың сақтау мерзімі көрсетілген тізбесі «Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларының, сақтандыру агенттерінің міндетті түрде сақталуға жататын құжаттарды сақтау қағидаларын және Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларының, сақтандыру агенттерінің міндетті түрде сақталуға жататын құжаттарының тізбелерін және оларды сақтау мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 171 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14309 болып тіркелген) белгіленеді.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылғы 3 мамырда № 6932 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 182 қаулысы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 171 қаулысымен күші жойылды.

 

  1.  

11-Тараудың 172-Тармағы

 

172. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторларымен және акционерлерiмен есеп айырысуы аяқталғаннан кейiн тарату комиссиясы сотқа уәкiлеттi органмен келiсiлген тарату туралы есептi және тарату балансын ұсынады.

Сот тарату туралы есептi және тарату балансын бекiтедi және тарату өндiрiсiнiң аяқталғандығы туралы ұйғарым шығарады.

172. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторларымен және акционерлерiмен есеп айырысуы аяқталғаннан кейiн тарату комиссиясы сотқа уәкiлеттi органмен келiсiлген тарату туралы есептi және тарату балансын ұсынады.

Сот тарату туралы есептi және тарату балансын бекiтедi және тарату өндiрiсiнiң аяқталғандығы туралы ұйғарым шығарады.

Тарату комиссиясы сот ұйғарымының көшірмесін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Корпорация), сондай-ақ уәкілетті органға жібереді.

«Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңының 70-бабы 5-тармағының талаптарына сәйкес келтіру.

  1.  

11-Тараудың 173-Тармағы

173. Тарату комиссиясы тарату балансы және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы есеп бекітілген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде оларды заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын әділет органына, ал көрсетілген құжаттардың көшірмелерін – уәкілетті органға ұсынады.

173. Тарату комиссиясы тарату балансы және тарату туралы есеп бекітілгеннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде оларды Корпорацияға, ал көрсетілген құжаттардың көшірмелерін уәкілетті органға ұсынады.

«Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңының 70-бабы 5-тармағының талаптарына сәйкес келтіру.

Полная версия
ИС BestProfi