Близость слов: Окончание:





«Биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 4-6/701 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 4-6/701 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
1. «Биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 4-6/701 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11991 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 қырқүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Респубикасы
Қаржы министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 28 шілдедегі
№ 4-6/701 бұйрығына қосымша
Биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдері

Атауы

жылдар бойынша

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

Биоотын, миллион литр

 

2 454

 

2 283

 

2 121

 

1 966

 

1 820

«Биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 4-6/701 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы «____» _________ № ____ бұйрығына салыстырмалы кесте

Құрамдық элемент

Қолданыстағы  редакция

Ұсынылған редакция

Негіздеме

1

2

3

4

5

Биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 4-6/701 бұйрығы

  1.  

қосымша

Биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдері

 

Атауы

жылдар бойынша

2015жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

Биоотын, миллион литр

 

3070

 

3062

 

3034

 

3009

 

2858

 

2736

 

Биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдері

 

Атауы

жылдар бойынша

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

Биоотын, миллион литр

 

2 454

 

2 283

 

2 121

 

1 966

 

1 820

 

Келесі 2021-2025 жылдарға жаңарту.

«Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 13-2) тармақшасына сәйкес - биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті орган биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептер ұсыну нысандары мен оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органға ұсыну тәртібін бекітеді. «Азық-түлік қауіпсіздігі қатері болған жағдайда, биоотынды кейіннен өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квоталарды белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 4-4/621 бұйрығына сәйкес

КК = (КӨ + АҚ) - IT, мұнда: КК - квота көлемі, КӨ - ауыл шаруашылығы өнімінің күтілетін өндірісі, АҚ - ауыспалы қоры, IT - ішкі тұтынылуы, мынадай формула бойынша есептеледі.

Биоэтанолдың шикізатқа айналу коэффициенті 3,2 құрайды.

Биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттылықтың шекті көлемінің жыл сайынғы төмендеуі негізгі шикізат (бидай) өндірісінің егіс алқаптарының құрылымын әртараптандырумен (монокультурадан кету) 5%-ға төмендеуімен байланысты.

Өсімдік шаруашылығы өнімдерін
өндіру және қайта өңдеу
департаментінің директоры А. Сұлтанов
Полная версия
ИС BestProfi