Близость слов: Окончание:





«Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 14382/22 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының
«Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі – Жоба) қарап, Жоба жұмыс тәртібінде пысықталғандықтан ұсыныстар мен ескертулер жоқ екендігін хабарлаймыз (пысықталған Жоба қоса беріледі).
Басқарма төрағасының орынбасары	О. Ордабаев
Полная версия
ИС BestProfi