2019 жылғы 12 қарашадағы шығыс № 5-2-6/3502-И хатқа
«Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 14403/30 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
«Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі бұйрығының жобасын қарап, ұсыныстарды қосымшада жолдаймыз.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 66-бабына сәйкес осы сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, белгіленген мерзімде тиісті негіздеме ұсынуды сұраймыз.
Қосымша: салыстырмалы кестелер.
Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Э. Жұмағазиев
Қосымша
«Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрық жобасына салыстырмалы кесте
|
№
|
№ р/с |
Қолданыстағы редакция |
Ұсынылатын редакция ҚР АШМ |
Ұсынылатын редакция ҰКП |
Негіздеме |
|
1 |
Инвестициялық субсидиялаудың негізгі шарттары 2-тараудың 20-тармағы. |
20. Өтінімдерді қабылдау инвестициялық жобаны іске асыру орны бойынша тиісті жылдың 1 ақпанынан бастап 1 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) тиісті жылы инвестициялық субсидиялауға арналған міндеттемелерден бос қаражаттың (бұдан әрі – Бос бюджет) болуына байланысты жүзеге асырылады. Тиісті жылдың 1 шілдесіне дейін Бос бюджеттің 60 (алпыс) %-ы № 1, № 2, № 3, № 4, № 5, №6, № 7, № 8, № 9, № 10, № 11, № 12, № 13, № 14, № 15, № 16, № 17, № 18, № 19, № 20, № 21, № 22 жобалардың паспорттарын субсидиялауға пайдаланылады. Егер тиісті жылдың 1 шілдесіне дейін резервке қойылған лимит игерілмесе, онда өтінімдерді қабылдау көрсетілген лимитті қолданбастан жалғасады. |
20. Өтінімдерді қабылдау инвестициялық жобаны іске асыру орны бойынша тиісті жылдың 1 ақпанынан бастап 15 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) тиісті жылы инвестициялық субсидиялауға арналған міндеттемелерден бос қаражаттың (бұдан әрі – Бос бюджет) болуына байланысты жүзеге асырылады. Тиісті жылдың 1 шілдесіне дейін Бос бюджеттің 60 (алпыс) %-ы № 1, № 2, № 3, № 4, № 5, №6, № 7, № 8, № 9, № 10, № 11, № 12, № 13, № 14, № 15, № 16, № 17, № 18, № 19, № 20, № 21, № 22 жобалардың паспорттарын субсидиялауға пайдаланылады. Егер тиісті жылдың 1 шілдесіне дейін резервке қойылған лимит игерілмесе, онда өтінімдерді қабылдау көрсетілген лимитті қолданбастан жалғасады |
20. Өтінімдерді қабылдау инвестициялық жобаны іске асыру орны бойынша тиісті жылдың 1 ақпанынан бастап 15 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) тиісті жылы инвестициялық субсидиялауға арналған міндеттемелерден бос қаражаттың (бұдан әрі – Бос бюджет) болуына байланысты жүзеге асырылады. Мемлекеттік бюджетте көзделген бюджет қаражаты болмаған жағдайда, субсидияларды төлеу келесі кезеңде өтінімдердің келіп түскен және веб-порталда тіркелген күніне сәйкес кезектілік бойынша жүзеге асырылады. |
Өтінімдерді субсидиялау өтінімдердің келіп түсуіне қарай жүзеге асырылуы тиіс, осыған байланысты паспорттардың басымдығын болдырмау, сондай-ақ QOLDAU ақпараттық жүйесінде (күту парағы) өтінімдерді күту кезегін автоматтандыру қажет. |

