Близость слов: Окончание:





«Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 684 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2020 жылғы 12 маусымдағы № 7257/26 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
Тауарлар мен көрсетілетін
қызметтердің сапасы мен
қауіпсіздігін бақылау комитеті
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының
«Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 684 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі – бұйрық жобасы) қарап, келесіні хабарлаймыз.
Бұйрық жобасы бойынша ұсыныстар мен ескертулер салыстырмалы кесте түрінде осы сараптамалық қорытындының қосымшасында көрсетілген.  
Кәсіпкерлік кодекстің 66-бабы 3-тармағына сәйкес әзірлеуші орган сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, сараптамалық қорытындыны алған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келіспеуінің себептерін негіздей отырып, жауап жолдайды.
Басқарма мүшесі –
Басқарма төрағасының орынбасары Ю. Якупбаева
Полная версия
ИС BestProfi