Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария және басқа да қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 929 қаулысына толықтыру енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария және басқа да қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 929 қаулысына толықтыру енгізу туралы
1. «Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария және басқа да қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 929 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 33, 445-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылу тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария және басқа да қызметтердің тізбесінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10-жолмен толықтырылсын:
«
|
10. |
Медициналы қ қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы |
1406 |
».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Ұ. Маминге
«Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария және басқа да қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 929 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі.
2. Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері
«Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 4-тармағына сәйкес.
3. Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)
Жобаны қабылдау мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарға алып келмейді.
4. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын салдарлар
Жобаны қабылдау теріс салдарларға әкеп соқпайды.
5. Нақты мақсаттар және күтілетін нәтижелердің мерзімдері
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатын тиімді пайдалану және халыққа медициналық көмек туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында осы жобаны қабылдау қажет, ол «1406» байланыс орталығының нөмірін байланыс қызметін пайдаланушылар үшін қосылу тегін болып табылатын қызметтердің тізбесіне қосу үшін құқықтық негіз жасайтын болады.
6. Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер
Жоқ.
7. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы
Талап етілмейді.
8. Ұсынылған халықаралық шарт жобасын кейіннен ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат
Халықаралық шарт болып табылмайды.
9. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаларды және оларға материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі
Рұқсат етіледі.
10. Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)
Қаулының жобасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында (www.mz.gov.kz, 2020 жылғы __ маусым, __ КБ), сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында (2020 жылғы __ маусым _ КБ) орналастырылды.
11. Тауарларды сатуға, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулының жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады
Талап етілмейді.
12. Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі
Сәйкес келеді.
13. Үкіметтің актісін қолданысқа енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есептер қорытындысы
Талап етілмейді.
14. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындысымен келіспеу себептерінің негіздемесі
Талап етілмейді.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов
«Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария және басқа да қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 929 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына салыстырмалы кесте
|
Р/с №
|
Құрылымдық элемент |
Қолданыстағы редакция |
Ұсынылып отырған редакция |
Негіздеме Тапсырмаларға сілтемелерден басқа: 1) түзетудің мәнін; 2) әрбір енгізілген түзетудің нақты негіздемесін көрсету қажет.
|
|
|||||||||
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 929 қаулысымен бекітілген Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылу тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария және басқа да қызметтердің тізбесінде |
||||||||||||||
|
1 |
Мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10-жолмен толықтырылсын |
10. Жоқ. |
|
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 жаңа коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты әлемдегі коронавируспен сырқаттанушылық туралы жағдай, коронавирустық инфекцияның профилактикасы шаралары және негізгі симптомдары, медициналық қызмет көрсету туралы, сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша азаматтардан 1406 бірыңғай-байланыс орталығына (бұдан әрі – БО) тәулік бойы көптеген қоңыраулар келіп түседі. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатын тиімді пайдалану және халыққа медициналық көмек туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында медициналық қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай 1406 БО-ны байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авариялық және басқа қызметтердің тізбесіне енгізу ұсынылады. |
|
|||||||||

