Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энэргетика министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 252) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Энергия өндіруші ұйымдардың негізгі құралдарының тозу деңгейін есептеу әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы № 26 бұйрығы
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің «Энергия өндіруші ұйымдардың негізгі құралдарының тозу деңгейін есептеу әдістемесін бекіту туралы» 2014 жылғы 4 маусымдағы № 202 бұйрығының күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті:
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2) осы бұйрықты энергия өндіруші ұйымдардың назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Н. Ноғаев
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілді
Энергия өндіруші ұйымдардың негізгі кұралдарының тозу деңгейін есептеу әдістемесі Жалпы ережелер
1. Осы Энергия өндіруші ұйымдардың негізгі құралдарының тозу деңгейін есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) энергия өндіруші ұйымдардың негізгі құралдарының тозу деңгейін анықтауға бірыңғай әдіснамалық тәсілді қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.
2. Әдістеме негізгі құралдардың тозу деңгейін есептеуді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдардың маманына арналған.
3. Әдістемеде мынадай анықтамалар қолданылған:
1) есептік кезеңдегі жұмыс істеуі - пайдалануға енгізілген сәттен бастап көрсетілген кезеңге дейін жабдықтың (тораптың) жұмыс уақытының саны (tа);
2) қызмет етудің нормативтік мерзімі - дайындаушы зауыттың техникалық лимитіне сәйкес жабдықты пайдалану кезеңі;
3) пайдаланудың рұқсат етілген мерзімі - жабдықты орнату күнінен бастап пайдаланудан алу немесе ауыстыру күніне дейінгі уақыт кезеңі;
4) парктік ресурсы - дайындаушы зауыт айқындаған уақыт кезеңі, ол уақыт ішінде объект пайдаланылуы тиіс (tп);
5) физикалық тозу - пайдалану, ұзақ сақтау немесе қоршаған ортаға әсері процесінде машиналар мен жабдықтардың табиғи тозуынан туындаған бастапқы техникалық - экономикалық көрсеткіштердің нашарлауы салдарынан жұмысқа қабілеттілігі құнын немесе ақаусыз техникалық күйін жоғалтуға әкелетін тозу.
4. Энергия жабдығының парктік ресурсы дайындаушы зауытпен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің 2012 жылғы 22 қазандағы № 58 бұйрығымен келісілген жылу электр станциясы қазандарының, турбиналары мен кұбырларының негізгі элементтерінің металды бақылау және қызмет ету мерзімін ұзарту жөніндегі әдістемелік ұсынымдармен анықталады.
Полная версия

