Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 13, 14 және 30-баптарына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 21-1 және 22-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
«Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы және белсенді форматта әлеуметтік-еңбек саласында кейбір мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы» бірлескен бұйрық жобасы
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы және белсенді форматта әлеуметтік-еңбек саласында кейбір мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы
1. Төмендегілер бекітілсін:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы және белсенді форматта әлеуметтік-еңбек саласында кейбір мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жобаға қатысатын халықты жұмыспен қамту орталықтарының тізбесі;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы және белсенді форматта әлеуметтік-еңбек саласында кейбір мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы және белсенді форматта әлеуметтік-еңбек саласындағы кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі пилоттық жобаға қатысатын халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді талдау және дамыту департаменті төмендегі іс-шараларды қамтамасыз етсін:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін;
4) осы бұйрықты облыс орталықтарына, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамына және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамына жеткізу.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н. Н. Мұқышевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Жұмағалиев
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы __ ______ № __, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы __ ______ № __ бірлескен бұйрығына 1-қосымша
«Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы және белсенді форматта әлеуметтік-еңбек саласында кейбір мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жобаға қатысатын халықты жұмыспен қамту орталықтарының тізбесі
1. Көкшетау қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы»
2. «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы»
Полная версия

